Кеңес Оразбекұлы - Қанатты сөз – қазына. 2-кітап

Тут можно читать онлайн Кеңес Оразбекұлы - Қанатты сөз – қазына. 2-кітап - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Языкознание. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Кеңес Оразбекұлы - Қанатты сөз – қазына. 2-кітап краткое содержание

Қанатты сөз – қазына. 2-кітап - описание и краткое содержание, автор Кеңес Оразбекұлы, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
«Қанатты сөз – қазынаның» 2-кітабында халық арасына кең тараған мақал-мәтел, қанатты сөздердің 700-ден аса бірлігін жинап, қамтыдық. Олардың шығып-қалыптасу тегін танымал жазушылар, этнографтар, тарихшылар мен журналистердің, тағы басқа мамандық иелерінің халық салт-дәстүрлері мен этнографиясы, тарихы мен өмір-тіршілігіне қатысты ой-түйіндеу, мысал-деректері арқылы дәлелдеп көрсетіп, әр қайсысының мағыналарын ашып, түсіндірмелерімен толықтырып отырмыз.

Қанатты сөз – қазына. 2-кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Қанатты сөз – қазына. 2-кітап - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Кеңес Оразбекұлы
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

АУРУҒА ЕМ, САУҒА ҚУАТ, ДӘРІ – ҚЫМЫЗ

«Жамбыл атамыз: „ауруға ем, сауға қуат, дәрі – қымыз“ – дегендей, сары қымыз дертке шипа, денеге күш. Қымыз ерекше дәмді, құнарлы, адамның жан сарайын ашып, зауқын келтіретін хош иісті және өте сіңімді сусын. Оның бұлай болу себебі, жылқы жануардың өзіне ғана тән асыл қасиетінен болса керек». (С. Қалиев, М. Оразаев, М. Смайылова, 57.71-б.).

Қымыздың ерекше қасиеттерін сипаттап, түйіндеп берген осы сөз тіркесінде қандай үлкен мән жатқанын әлі түсінбей келеміз.

АУЫЛДЫҢ АЛТЫ АУЗЫ

«Сойылған малды асаба алдымен қонақтар отырған үйдің босағасына әкеліп бата тілейді. Қонақтар бата жасаған соң мал сойылып, ет асылады. Ет піскенше меймандарға кең дастарқан жайылып, дастарқанға құрт, ірімшік, бауырсақ, жент, сары май қойылып, қаймақтаған шай құйылады. Шайдан соң жаздыгүні болса қымыз, қыстыгүні болса езген құрт беріледі. Осы мезгілде әдетте үй иесі жағынан домбыра шертіліп, күй тартылып, ән айтылады. Бұл „ауылдың алты ауыз“ деп аталады. Одан соң кезек меймандарға келеді. Меймандардың ән шырқап, қисса-дастан, яки ертегі айтуы керек. Егер айта алмаса, түрлі әзіл-қалжыңдар істеледі». (М. Қани, 55..385-б.)

Ән-күй тарту, өнер көрсету кезегі меймандарға берілгенде, оны «қонақкәде» деп атайды.

АУЫЛ ИТІНІҢ ҚҰЙРЫҒЫ ҚАЙҚЫ

«Қазақ ұғымында: „Ит жеті ырыстың біреуі“, „Итті тепкен – ырысты тебеді“, „Иесін сыйлағанның итіне сүйек сал“, яғни тамақтандыр, т.б. айтылады. Итті бұлай қадірлеу мал шаруашылығымен шұғылданған көшпелі елде қажет-ақ. Өйткені, ит – адамның үйде де, түзде де сенімді серігі. Сондықтан „итті иесімен қинасын“ деген. Ал „Ауыл итінің құйрығы қайқы“ деген мақал әр ит өз ауылында күшті деген және басқа да астарлы ұғымды білдірген». (С. Мұқанов, 77.).

Бүгінде бұл мәтел көбіне кейбір адамдардың ерекше мінез-қасиеттерін сипаттағанда айтылады.

АЯЗ ӘЛІҢДІ БІЛ,

ҚҰМЫРСҚА ЖОЛЫҢДЫ БІЛ

(Екінші нұсқасы) *

«Аяз би өзінің зеректігі, тапқырлығы, ақылдылығы арқасында уәзір болады. Халық аузында Майқы бидің қасынан орын алған екі бидің біреуі (екіншісі – Құмырсқа) деген аңыз бар. Оның даналығын, достыққа адалдығын сертке, беріктігін, әділдігін хан да, қара да мойындаған. Хан болған Аяз би өзінің қой баққандағы жыртық шапанын хан сарайы босағасына іліп, соған көзі түскен сайын тәубесіне келген дейді. Содан халық аузында: „Аяз әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл“ деген дана сөз қалған». (54.).

Әркім ең алдымен өзін-өзі кеше кім еді, бүгін кім болып отырғанын, билік-мансапқа қолы қалай жеткенін, яғни өз өмір-болмысына сын көзбен қарап, өткенін естен шығармауын ескертіп тұр.

* «Қанатты сөз – қазына», 1 – кітабын қараңыз.

Ә

ӘДЕТ ӘДЕТ ЕМЕС, ЖӨН – ӘДЕТ

«Көнеден келе жатқан жөн-жоба, әдет (заң) бойынша Керей ханнан кейін хандық биліктің тізгіні аға баласы ретінде Мұрындыққа тиесілі болған. Солай деп Мырза Мұхаммед Хайдар да жазады. (Мұхаммед Хайдар Дулати „Тарих-и Рашиди“ – Алматы, 2003, 306 бет). Алайда Қазақ хандығының шаңырағын көтерісіп, туын қадасқан тұтқа ретінде жол Жәнібекке берілген. Мұрындық даланың жазылмаған заңы – жөн-жобаға тоқтаған. „Әдет, әдет емес, жөн – әдет“ дейтін мақал сөз осындай қисында айтылған. Қазақтың қария сөздері, шежіре деректері осылай дейді». (А. Сейдімбек, 93. 326-б.).

Бүгінде ежелден қалыптасқан әдет, дәстүрді кейбір адамдар жағдайына қарай өзінше құбылтып, бұзып-бұрмалап, кейде барлығын, байлығын танытып әспеттеп жіберетіні жасырын емес. Сондай жағдайларда жөн білетін адам оларды осы мәтел арқылы жол-жобаға салады.

ӘЗ БОЛМАЙ, МӘЗ БОЛМАЙДЫ

«Халқымыздың таным-наным болжамы бойынша күн мен түн тепе-теңдікке жеткен кезде әуеде ғажайып бір діріл мен гуіл естіледі, сол үнді „әз“ дейді. Әз өткенде бүкіл жан-жануар, күллі өсімдік дүниесінде, жалпы тіршілік әлемінің бойына қан жүгіріп, қайта түлеп жаңарады, ескінің ауырлығы кетеді. Әздің жүргені әдетте байқала бермейді, оның өткенін қой алдымен сезеді екен. Қой аспанға қарап жамырай маңырап, тұрып қалатын көрінеді. Соны көрген малшы „жаз хабары келді“ деп қуаныпты. „Әз болмай, мәз болмайды“ немесе „Әз болмай жаз болмайды“ дейтін нақыл сөз содан шығыпты». (З. Ахметова, 16. 326-б.)

«Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» (1-том, 583—584б. «Ғылым» баспасы, 1974ж.) «әз» деген сөздің екі түрлі мағынасын беріпті. Бірінші мағынасы – соқыр, көр, екінші мағынасы – ғазиз, ардақты, жақсы. Ал, жоғарыдағы мәтелдегі «әз» сөзінде осы екі түрлі мағынаның арасындағы бір құпия белгі бар сияқты көрінеді. Ол қандай белгі, қасиет-қуатына тереңдей бойлау, түсіну қиын .

Әздің 22-наурызға дейін өтетіні күн мен түннің теңелген сәтін байқатса керек. Содан кейін күн бірте-бірте ұзарып, ауа райы жылына бастайды. Ендеше, мәтелдің мағынасы күн мен түн теңелмей, ауа райы жылынбайды, мәз болмайды дегенді аңғартса керек.

ӘЗ ТӘУКЕНІҢ «ЖЕТІ ЖАРҒЫСЫ»

«…Аталған екі заң („Қасым ханның қасқа жолы“, „Есім ханның ескі жолы“) ұлы хан әз Тәуке тұсында (XVIIғ. аяғы мен XVIIIғ. басы) одан әрі жетілдіріледі, жаңа құқық тараулары енгізіледі. Ол бүкіл қазақ жұртына белгілі әділетті заң ретінде „Жеті жарғы“ деген атпен танылды. Әз Тәуке Хан кеңесі мен Билер кеңесін құрды. Жыл сайын Құрылтай өткізіледі. Осындай мемлекеттік, құқықтық, азаматтық ережелер негізін жасауға атақты үйсін Төле би, арғын Қаздауысты Қазыбек би, алшын Әйтеке би, Әнет бабалар қатынасты. Бұрынғы бес тараудан тұратын Ережеге жесір дауы мен құн дауы қосылады. Аталған заң қағазға түскен, түспегені әлі белгісіз. Бірақ мұны елдің батыр, билері, ақсақалдары, шешендері құрандай жаттап, кейінгі ұрпаққа жткізді». (С. Кенжеахметұлы, 43.8-10-б.).

«Қасқа жол» мен «Ескі жол» заңдары 17-ғасырдың аяқ кезі мен 18-ғасырдың басында қайта толықтырылып, елеулі өзгерістер енгізіліп, дамытылды. Тәуке хан (1680—1718) тұсында «Күлтөбенің басында күнде кеңес» өткізіліп, «Қасқа жолдың» бұрынғы бес тарауына тағы да екі тарау қосылып, «жеті жарғы» («жеті заң») деп аталды. Бұл жаңадан қосылған екі тарау: жер дауы туралы заң мен құн дауы туралы заң еді. Тәуке хан тұсында Қазақ хандығының шығыс жағындағы жайылымдарды ойрат-жоңғар фоедалдарының басып алуына байланысты жердің таралуы, мал жайылымдарына таласқан жанжалдардан адам өлімінің жиі болуы себепті жер дауын мүлік заңынан бөліп алып, жеке-жеке тарау енгізуге тура келді.

«Орыс департаментінде» бұл заңдар «Тәуке ханның заңдары» деп аталды». (М. Қани, 55.319-б.).

Ел арасында бұл «жарғы» «Тәуке ханның жеті жарғысы» деген атпен танымал.

Бұл бүгінгі біздің Ата заңымыз сияқты хандық дәуірдегі мемлекет құрушы басты заң қағидаларының бірінен саналған.

ӘКЕ КӨРГЕН ОҚ ЖОНАДЫ,

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Кеңес Оразбекұлы читать все книги автора по порядку

Кеңес Оразбекұлы - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Қанатты сөз – қазына. 2-кітап отзывы


Отзывы читателей о книге Қанатты сөз – қазына. 2-кітап, автор: Кеңес Оразбекұлы. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x