Кеңес Оразбекұлы - Қанатты сөз – қазына. 2-кітап

Тут можно читать онлайн Кеңес Оразбекұлы - Қанатты сөз – қазына. 2-кітап - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Языкознание. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Кеңес Оразбекұлы - Қанатты сөз – қазына. 2-кітап краткое содержание

Қанатты сөз – қазына. 2-кітап - описание и краткое содержание, автор Кеңес Оразбекұлы, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
«Қанатты сөз – қазынаның» 2-кітабында халық арасына кең тараған мақал-мәтел, қанатты сөздердің 700-ден аса бірлігін жинап, қамтыдық. Олардың шығып-қалыптасу тегін танымал жазушылар, этнографтар, тарихшылар мен журналистердің, тағы басқа мамандық иелерінің халық салт-дәстүрлері мен этнографиясы, тарихы мен өмір-тіршілігіне қатысты ой-түйіндеу, мысал-деректері арқылы дәлелдеп көрсетіп, әр қайсысының мағыналарын ашып, түсіндірмелерімен толықтырып отырмыз.

Қанатты сөз – қазына. 2-кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Қанатты сөз – қазына. 2-кітап - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Кеңес Оразбекұлы
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Бұл мәтелді аналар босанатын үйлерге іліп қойып, дәрігерлер тарапынан қадағаланып отырса болар еді.

БАЛА ТӘРБИЕСІ – БАРШАҒА ОРТАҚ

«Сәлем беру мен амандасу әдептіліктің ең алғашқы әліппесі. Нәресте сәлем беріп, амандасқанда үлкендер аман-сәлемді жай ғана қабылдай салмайды. «Таудай азамат бол! Көп жаса!» – алғыстарын жаудырады.

Мұның өзі баланы ынталандыра, құлшындыра түседі. Ол енді сәлем беруде, амандасуда қате жібермеуге тырысады. Үлкендердің жақсы лебізін естуге құмартады.

Егер бала сәлем беруді немесе амандасуды мүлт жіберіп алса, онда үлкен кісі жайлап қана ескерту жасап, аман-сәлем жасауға мәжбүр етеді. Қазіргі кезде көп айтылатын «Бала тәрбиесі – баршаға ортақ» – дейтін сөздің түп төркіні осында болса керек. Сөйтіп, қазақ даласында бала тәрбиесі тек өз ата-анасының ғана міндеті емес, дүйім жұрттың ортақ ісіне айналған». (2).

Осы сөз тіркесінің мәніне терең үңілмей, көбіміз атүсті қараймыз. Өкінішті-ақ.

БАЛА ТІЛІ – БАЛ

«Бір қызығы, … қытай деректерінде: „Түркілер баласын іске шалымды болсын деп, әрбір істе алымды болсын деп, жаңа туған сәбидің таңдайына бал тамызады“, – деген жазбалар кезігеді. „Бала тілі – бал“, „таңдайынан бал тамған“ деген сөздер бізге көне түркілерден жеткенінің дәлелі, міне осы». (М. Ахет. 47.4—15. 12. 2009.).

Былдырлап жаңа сөйлей бастаған сәбилер мен балдырғандардың тілінде үлкендер үшін қызықты, күлкілі болып келетін сөз қолданыс-тары жиі кездеседі. Сол себепті олардың күлкіге кенелтетін сүйкімді сөздерін тәтті балға теңеп, «Бала тілі – бал» дейді.

БАЛАНЫ ЖӨРГЕГІНЕН БАУЛЫ

«Бесік жырының бәрінде ананың мақсат-мүддесі негізгі нысана ретінде қамтылады. Ана тілінен, ана арманына асатын ұлы мұрат жоқ. Осы сүйіспеншілік бала құлағына бесігінен енеді. Ер жетіп, ат жалын тартып мінгенде баласының қандай азамат болып өсуі – ана жырының қайнары. Сол арман баланы ғана емес, тыңдаушыны да еліктіреді. Үлкен-кішінің жүрегіне ізгілік ұрығын себеді. Қазақтың „Баланы жөргегінен баулы“ дейтіні содан». (Қ. Толыбаев, 95.201-б.).

Бұл мәтелдің «Баланы – бастан», «Баланы бесіктен баулы» деген нұсқалары да бар. Бәрінің мағынасы бір, яғни, бала тәрбиесіне ерте бастан көңіл бөл, жастайынан баулып-тәрбиеле деген мағынаны береді.

БАЛАЛЫҒЫҢ ҰСТАСА, НАҒАШЫҒА БАР

«Қай кезде де нағашы мен жиеннің әзілі жарасып отырған. Мұндайда „Балалығың ұстаса, нағашыңа бар“ дейді. Байқағанымыздай, нағашы жұрт жиеннің еркелігін де, тентектігін де көтере білген. Нағашылары да жиенін ұтқыр әзілмен түйреп, жарасымдылықты, туыстар арасындағы татулықты көрсете білген». (А. Дүйсенбайқызы, 9. 27.06—3.07.2013.)

«Нағашылы-жиенділер кездескен жерде бір-бірімен әзілдесіп, ойнап-күліп жатады. Жиен мұндайда өзін еркін сезінеді. „Балалығың ұстаса, нағашыға бар“ деген осыдан шыққан». (С. Кенжеахметұлы, 43. 207-б.)

Жиеннің бал-балалық шағы мен еркелік дәуреніне нағашы жұрттың куәгер болып келетіні рас. Дегенімен бұл жерде нағашы жұрттың жиен алдындағы ыстық ықыласы мен кең пейілдігі дәріптеліп тұрғанын байқауға болады. Осы орайда бұл тіркестің «Балалығың ұстаса, нағашыңа бар, Жігіттігің ұстаса, қайныңа бар» деген толық нұсқасын да айта кетейік.

БАЛАПАННАН БАРШЫНҒА ЖЕТТІҢ

«– Бүркіттің ең алғашқы туғанын „балапан“ дейді. Екі жасарын – „қантүбіт“, үш жасарын – „тірнек“, төрт жасарын – „тастүлек“, бес жаса-рын – „мұзбалақ“, алты жасарын – „көктүбіт“, жеті жасарын – „қана“, сегіз жасарын – „жана“, тоғыз жасарын – „майтүбіт“, он жасарын – „барқыт“, он бір жасарын „баршын“ деп атайды. Тіліміздегі „бала-паннан баршынға жеттің“ деп жататын сөз – адамның өсіп-жетіліп, кемелденуін образды түрде осылай теңеп айтқаны». (Б. Момышұлы, 15.125-128-б.)

Негізінен қыздардың бой жетіп, толысқанын да осы сөз тіркесімен дәріптейді .

БАЛҚАН, БАЛҚАН, БАЛҚАН ТАУ,

О ДА БІЗДІҢ БАРҒАН (КӨРГЕН) ТАУ

«…Әзірше, қазақ ауыз әдебиетінде сақталған, мейлінше қазақтың скиф – сақ дәуіріне қатысы бар бір-екі нақыл жұмбақ сөздерге тоқтала кетейік.

«Балқан, Балқан, Балқан тау, о да біздің барған тау – дейтін нақылды, „Ұлың Ұрымға кетсін, қызың Қырымға кетсін“ дейтін қарғысты күні бүгінге дейін екі қазақтың бірі біледі. Бұл „мәтелдер“ біз сөз ғып отырған заманнан беріректе шығуы мүмкін. Өйткені скиф – сақ ұрпақтары варвар деген жалпы атпен кейініректе Балқанға да, Римге де бірнеше рет жорықпен барып қайтқан». (Б. Адамбаев, 1.263-б.).

Қиян түкпірдегі бір елді-мекенге немесе алыс шет елге барып, көріп-білгенін жеткізерде осы мақалға сүйенеді.

Ал «Ұлың Ұрымға кетсін, қызың Қырымға кетсін» деген мәтел бүгінде басқа жаңа мән-мағынаға ие болып, «Ұлың – Ұрымға, қызың – Қырымға» деген өзгеріске ұшыраған. Яғни, ұл-қыз өсіріп, оларды жетілдірген, үйлендіріп, жеке шаңырақ көтеріп, шалқып өмір сүрген отбасыны дәріптегенде немесе той-қуаныштарда ізгі тілек, бата ретінде айтылады.

БАЛТА ТҮСКЕНШЕ, БӨРЕНЕ ЖАЛ ТАБАР

«Бұл мақалды „Балта шауып үлгергенше, бөрене тыныс ала тұрады“ деген мағынада ұғу керек». (М. Әлімбаев.).

Бұл мақал ойлануға, кеңесуге, ақылдасуға мұрсат, уақыт бар деген мәнде айтылады.

БАЛЫҚ АУЛАЙ АЛМАҒАН СУДЫ ЛАЙЛАЙДЫ

«Адамзат тұрмыс-салтында мал бағып, егін егуді үйренбей тұрғанда-ақ, аңшылықпен қатар балық аулаумен айналысқан. Әуелі балықты тұйық жерге қуып қамап, қолмен ұстап, шанышқы, найзамен түйреп ұстаса, соңынан қайықты ойлап тауып, қармақпен аулауды, тор салуды үйренеді. „Балық аулай алмаған суды лайлайды“ деген мақал ертеден қалған». (С. Қалиев, М. Оразаев, М. Смайылова, 57.120-б.).

Қолынан іс келмейді, қайта бүлдіреді деген ойды береді.

БАРҒАН ЖЕРІҢ БАЛҚАН ТАУ—

ОЛ ДА БІЗДІҢ КӨРГЕН ТАУ

(Екінші нұсқасы) *

Біз барған, барып көрген жер деген мағынаны береді.

«Балқан тау. Қазақ аңыздарында кездесетін аңыздық таудың аты.

Барған жерің Балқан тау —

Ол да біздің көрген тау.

Бұл өлең жолдары аңыздық әңгімелерде жиі кездеседі, бірақ, ежелгі мифтік мағынасы белгісіз. Сарыарқада осы аттас тау бар делінеді.

Түркілік тарихи ареалда бірнеше Балқан таулар бар. Бірі – Солтүстік-батыс Түрікмениядағы Балхан таулары, екіншісі – оңтүстік европалық Балкан таулары, үшіншісі – башқұрт жерінде, Асылыкөл маңында, Давлекан ауданында, төртінші – Челябі облысында, Дема өзені аңғарында, Куншак ауданында. Балқантау туралы башқұрт эпосы – «Заятүлек пен Сусұлуда» айтылады. Мұндағы Балқан – байлық символы, мұнда аңның барлық түрі мекен етеді, жігіт пен қыздың молалары осы таудың басында делінеді.

Балқан – мифтік жерұйық, космостың, таза кеңістіктің, жалпы ғаламның моделі…». (С. Қондыбаев, 62.16-б.).

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Кеңес Оразбекұлы читать все книги автора по порядку

Кеңес Оразбекұлы - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Қанатты сөз – қазына. 2-кітап отзывы


Отзывы читателей о книге Қанатты сөз – қазына. 2-кітап, автор: Кеңес Оразбекұлы. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x