Кеңес Оразбекұлы - Қанатты сөз – қазына. 2-кітап

Тут можно читать онлайн Кеңес Оразбекұлы - Қанатты сөз – қазына. 2-кітап - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Языкознание. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Кеңес Оразбекұлы - Қанатты сөз – қазына. 2-кітап краткое содержание

Қанатты сөз – қазына. 2-кітап - описание и краткое содержание, автор Кеңес Оразбекұлы, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
«Қанатты сөз – қазынаның» 2-кітабында халық арасына кең тараған мақал-мәтел, қанатты сөздердің 700-ден аса бірлігін жинап, қамтыдық. Олардың шығып-қалыптасу тегін танымал жазушылар, этнографтар, тарихшылар мен журналистердің, тағы басқа мамандық иелерінің халық салт-дәстүрлері мен этнографиясы, тарихы мен өмір-тіршілігіне қатысты ой-түйіндеу, мысал-деректері арқылы дәлелдеп көрсетіп, әр қайсысының мағыналарын ашып, түсіндірмелерімен толықтырып отырмыз.

Қанатты сөз – қазына. 2-кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Қанатты сөз – қазына. 2-кітап - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Кеңес Оразбекұлы
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

БОТА ҚАЛЖЫҢ

«Қазақ – малжанды халық. Табиғатындағы жарасымды бір мінез-құлыққа зер сала қарасақ, төрт түлік малынан да байқалады. Мәселен, ел ішінде бота қалжың деген сөз бар. Жас бота бір-бірімен ойнағанда ерке баладай қылықтанады. Ауыздарын маймаңдатып, енді болмаса опырып тістеп алатындай ыңғай байқатады. Жануар, ол еркелігін иесіне де жасайды. Шыбықтай бұралған тізесімен қағып қалатын да әдеті бар… Сөйтіп жеңіл ойынға, қалжыңға шақырады. Қазақтың „бота қалжың“ деген сөзі осыдан өрбісе керек». (Д. Қонаев, 61.303-304-б.).

«Бота қалжың» – жеңіл, зілсіз, ойнақы қалжың дегені. Қазақ арасында мұндай қалжың әсіресе достар мен құрдастар, нағашы мен жиен, жезде мен балдыз арасында жиі айтылады.

БӨГЕЛЕГІ ҚУРАҒАН

«Қазақта отбасы сөзінің ауыспалы мағынасы – шаңырақ. Қара шаңырақ бүкіл әулетті айғақтайды. Себебі, жоғарғы әлемнен құт-несібе шаңырақ арқылы үйге құйылады. Сондықтан оның тура астына қазан тосылады. Шаңыраққа кепкен төстік, үрген қарын ілінеді. Ертөстіктің анасы сол төстікті жеген соң оны туғандығы ертегіде айтылған. Шаңырақтың күлдіреуіштерін бекіте түсу үшін кесе-көлденең байланатын кесінді ағаштарды бөгелек деп те атайды. Жалпы, көшпелілер түндікті, шаңырақты, бақанды ұрпақтың өмірге келу салтымен көп ұштастырады. Мәселен, бала көтермеген әйелді „бөгелегі қураған“ деп те жазғыратын болған». (А. Тойшанұлы.).

БӨРІСЫРҒАҚ

«Ұлы даланы мекен еткен жұрттың әр аймақта әр айда болып өткен уақиғаға байланысты, сол айға қосымша ат таға салуы да болған. Ақпан-Тоқпан әңгімесі соның бір ғана көрінісі деп қарастырған жөн болар. Бұл айдағы бар қазаққа белгілі қыс амалы ақпанның 17-23-і арасында өтетін „Бөрісырғақ“ бораны. Осы боранда даланың көкжалдары жұптасып, 62 күннен соң бөлтіріктерін туады».

Халық аузында бөрісырғақ боранды-шашынды амалдардың бірі. Бұл амал кезінде боран-шашынмен ұйытқып сырғақ жүреді. Ал сырғақ деп бұршақтан кіші мұзды қар түйіршіктерін айтады.

БҰҒЫНЫҢ МОЙЫН ЖУАРЫ

Жауын-шашынды күндер.

«Қазан айының соңында, қарашаның бас кезінде 5—10 күндік жауын-шашынды кезде бұғы маралмен насай-топыр құрады. Он бес тоғысқа сәйкес келетін бұл амал – «бұғының мойын жуары». (Ж. Кейкін, 42.14—6.).

«Қазанның 20-жаңасынан Бұғының мойын жуары амалы басталады. Бұл мезгілде бұғының түгі түсіп, әбден семіреді. Мойны жуандайды. Бұрынғылар бұғының осы өзгерістерін негізге алып, осы мезгілді бұғының мойын жуары деп атаған сыңайлы. Тағы бір дерек, бұл атау бұғының тау басындағы қарға мойнын сүйкеп жуғанын мегзейді дейді. Кей өңірлерде бұғының мойын жуандауы деп те атайды.

Жыл есепшілері бұғының үйірге түсуіне ерекше көңіл бөлген. Егер бұғылар үйірге ерте түссе, қыс аяғы созылады деп топшылаған. Осы амал кезінде бұғылар жарай бастайды, бұл үйірге түсудің алғашқы дайындығы есепті». (7.).

БҰЛ МЕНІҢ ҚОЛЫМ ЕМЕС,

ЖАҚЫП ПАЙҒАМБАРДЫҢ ҚОЛЫ

«Құмалақ бөлу – құмалақты оң қол мен сол қолдың көмегімен үш топқа жіктеу. Құмалақшылардың айтуына қарағанда, қырық бір құмалақ тұтас күйінде киелі саналады. Оны үшке жіктеген кезде бөлінбейміз деп дау шығарады екен. Сондықтан да, оны бөлген кезде, „Бұл менің қолым емес, Жақып пайғамбардың қолы“, – деп бөлу керек дейді. Құмалақты басқа, жүрекке және өкшеге деп үш топқа ыдыратады». (Т. Міштайұлы, 9. 28.03.91.)

Құмалақшылардың бал ашқанда, сыйынатын пірлері Жақып пайғамбар болса керек. Құмалақшылар мен балшылар осы сөзді айта отырып, өздерінің құмалақтары мен балына қасиет дарытады .

БҰЛАҚ КӨРСЕҢ, КӨЗІН АШ

«Бала кезімізде бұлақтың көзін тазалауды парыз деп білдік. Әсіресе, наурыз кезінде. Ата-әжелеріміз: „Бұлақтың көзін ашу – Меккеге сапар шеккендей сауабы үлкен, қасиетті іс. Су бар жерде тіршілік бар, бұлақтың көзі ашылса, су мол болады. Су мол болса, шөп те, гүл де жайқалып өседі, егін бітік шығады. Адамдар мен жан-жануарлар тоқ болады, олар тоқ болса, бір-біріне қастық жасамай, бейбіт жүреді. Бастау – бұлақтардың көзін ашқандарың – өмір-тіршіліктің де көзін ашқандарың,“ – дейтін еді. Осыны естігенде тіршіліктің тірегі бізге қарап тұрғандай қанаттанып, бірде-біріміз қалмай бұлақтар мен тұнбалардың көзін ашып, су ағатын жылғалардың жолын тазалауға кетуші едік. Бұл – біз үшін өзінше бір ғажайып серуен секілді еді әрі табиғатты аялаудың, қорғаудың талғамы мол тамаша үлгісі, халық өнегесі болатын». (3.)

Ауыспалы мағынасы: Талапты жас көрсең, қолдап-қуаттай біл, білім бер, үйрет, баулып, көзін аш дегенге келеді.

БҰЛ НЕ ОТТАП ОТЫР

Мылжыңдап бос сөйлеп кетті, көп сөйлеп, адамның берекесін алды деген кейістікті білдіреді.

«Қазақ даласының табиғаты отқа мол, кейбір жері суға тапшы. „От“ дегені „шөп“. Малдың шөп жеуін қазақ „оттау“ дейді. Бос немесе теріс сөз айтатын адамдарды да қазақ „бұл не оттап отыр“ дейді. Онысы адамды адамға емес, хайуанға теңегені». (С. Мұқанов, 77.86-б.).

БҮГЕ-ШІГЕСІНЕ ДЕЙІН

Бүге немесе Бүк – асықтың дөңес беті жоғары қарап жатады.

Шіге немесе Шік – асықтың бүгесіне қарама- қарсы шұңқыр қапталы. Тіліміздегі – «Бүк түсіп жатыр», «Бүге-шігесіне дейін» деген сөз тіркестері осыдан қалыптасса керек». (Д. Шоқпарұлы, 9. 17.02.94.)

Егжей-тегжейіне дейін немесе бұлтарыс-қалтарысына дейін (қарады, анықтады) тексерді дегенді білдіреді .

БҮЙРЕКТЕН СИРАҚ ШЫҒАРАДЫ

«Қысқы азыққа, яғни соғымға ірі қара мал сойылған. Әсіресе соғымға жылқы малы көптеп сойылады. Орта дәулеттілер бірен-сарандап, ал тұтас жылқы союға әлі келмейтіндер бірігіп бір жылқының етін жартылап немесе сирақтап алатын болған. Тұтас малдың етін жартыға бөлу оңай да түсінікті, ал сирақтап бөлу дегеніміз – тұтас малдың етін төртке бөлу. Мұндай бөліске жататын мал етін алушыларды риза қылатын қасапшылар. Олар өз ісінің шебрі саналады. Сондықтан қазақ шеберлік жайы сөз болғанда немесе сөзін жөндеп сөйлей білмейтіндерді кекесін ретінде „бүйректен сирақ шығарады“ деуі осыдан». (С. Мұқанов, 77.117-б.).

Бар нәрсені бүлдіреді, болайын деп тұрған істі бөгеді, түзу, жөн істің шырқын бұзды деген мәнде қолданылады.

БҮК НЕ ШІК ТҮСТІ

«Асықтың дөңестеу арқа жағының үстіне қарап етбетінен түсуін бүк немесе бүк түсті деп атайды. Ал егер дөңестеу арқа жағы жер жастанып, шұңқыр болып келген кіндік тұсы үстіне қарап шалқасынан жатса, оны шік немесе шік түсті деп атайды. Асықтың осылай бүк, не шік болып жатық түсуінен «Бүк не шік түсті» деген сөз тіркесі пайда болған. Бұл сөз тіркесі екі жақ болып бәстескенде, өзара жеребе тастағанда айтылады. Оның орысша баламасы – «орел и решка». Олар металл теңгелердің түсуі арқылы жеребелерін анықтаса, қазақтар асық арқылы «Бүк не шік түсті» деп анықтаған. Жеребе тастаудың бұл ұлттық нұсқасын ұлттық спорт түрлеріне кеңінен пайдаланса, игі болар еді.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Кеңес Оразбекұлы читать все книги автора по порядку

Кеңес Оразбекұлы - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Қанатты сөз – қазына. 2-кітап отзывы


Отзывы читателей о книге Қанатты сөз – қазына. 2-кітап, автор: Кеңес Оразбекұлы. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x