Кеңес Оразбекұлы - Қанатты сөз – қазына. 2-кітап

Тут можно читать онлайн Кеңес Оразбекұлы - Қанатты сөз – қазына. 2-кітап - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Языкознание. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Кеңес Оразбекұлы - Қанатты сөз – қазына. 2-кітап краткое содержание

Қанатты сөз – қазына. 2-кітап - описание и краткое содержание, автор Кеңес Оразбекұлы, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
«Қанатты сөз – қазынаның» 2-кітабында халық арасына кең тараған мақал-мәтел, қанатты сөздердің 700-ден аса бірлігін жинап, қамтыдық. Олардың шығып-қалыптасу тегін танымал жазушылар, этнографтар, тарихшылар мен журналистердің, тағы басқа мамандық иелерінің халық салт-дәстүрлері мен этнографиясы, тарихы мен өмір-тіршілігіне қатысты ой-түйіндеу, мысал-деректері арқылы дәлелдеп көрсетіп, әр қайсысының мағыналарын ашып, түсіндірмелерімен толықтырып отырмыз.

Қанатты сөз – қазына. 2-кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Қанатты сөз – қазына. 2-кітап - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Кеңес Оразбекұлы
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Балама атаулары – дарақ, дарау, дара». (С. Қондыбаев, 62.18-19-б.).

Қазіргі кезде бәйтерек ұғымы – мықты діңгегіміз, тірегіміз, ұйытқымыз деген мағынаны да береді.

БӘЛЕДЕН МАШАЙЫҚ ҚАШЫПТЫ

«Бәледен машайық қашыпты». Бұл арадағы машайық сөзі араб тіліндегі «шейх» -тің көпше түрі. Ал машайық «қарт, қария» («Арабско-русской словарь». М., 1962, 533-бет). Өзбек тілінде машойих – «дін қызметкері», қырғызша машайық – «тақуа, дін тәрбиесін ұстаушы (адам)». Қазақ тілінде де сол мағыналарды және «әулие-әнбиелер жерленген көне мазарлардың шырақшысы, күтушісі» деген мағынаны (қар. Ш. Уәлиханов. Шығ., 129) білдіреді. Белгілі диалектолог ғалым Ж. Болатов Семей облысының Абай, Шұбартау аудандарында шайқы – «қожанасыр кісі», «алаңғасар», шайқы мінез тіркесі – «мінезі шәлкес, қияңқы» дегенді білдіреді деп көрсетеді. (Ә. Керімов, 51.).

Бұл мәтел біреуге тиіскісі кеп, түртіншектеп жүретін қияңқы, көп сөзді мылжың, пәлеқор адаммен айтысып-тартысып жатудан гөрі, көзіне көрінбей, қашып құтылған абзал деген ауыспалы мағынаны білдіреді.

БЕЗІ ЖОҚ ЕШКІ ПЫШАҚТЫ ТАБАДЫ

«Бабаларымыз малдың күйлілігін сауырына, бауырына, жауырына қарап айырған. Жай уақытта ешкінің семіздігін айыру мүмкін емес. Оны ешкі бағушы шекшектер жақсы білген. Ешкінің бұғасында екі безі болады. Жай уақытта ол көзге көрініп тұрады. Ал мал семіргенде қолдың жұдырығындай майға көміліп кете барады. „Безі жоқ ешкі пышақты табады“ деген мәтелдің тура мағынасы осындай». (Т. Майбас, 31. 25.06.2014.)

Безі жоқ семіз, қоңды ешкі соғымға кетеді, союға жарайды деген мағынаны береді .

БЕЙШАРАНЫ ЖҮНДЕЙ САБАПТЫ

«…Киіз басу дегенің үлкен бір мереке болатын. Әуелі ауылдың қыз-келіншектері киіз басатын үйге жүн сабауға жиналады. Әрқайсысының қолында жіңішке қатқан ырғайдан не тобылғыдан алынған екі сабау болады. Ортаға тері тулақты төсеп, үстіне бір құшақ күзем жүнді тастайды. Содан соң қыз-келіншектер айнала тізерлеп, алқа-қотан отыра қалып, қос қолындағы сабаумен тулақтың үстіндегі жүнді сабауға кіріседі. Қазақта әлдекім біреуден таяқ жеп қалса, „бейшараны жүндей сабапты“ дейтін сөз осыдан қалған». (Н. Қазыбеков, 56. 96-б.).

Киіз біртұтас, біртегіс болып шығу үшін, оған арналған жүн-жұрқаны алдымен сабап, түтіп жұмсартып, қопсытып алатыны да белгілі. Содан келіп, момын, қорғансыз адамдарды ұрып-соққанда немесе ұрсып жер-жебірене жеткенде «жүндей түтті», «жүндей түтіп жеді» деген сөз тіркестері де пайда болған.

БЕРГЕН ҮЙДЕ – БЕРЕКЕ,

БЕРМЕГЕН ҮЙДЕ БІТЕ БАР

«Жоққа жүйрік жетпейді, бар болса, берген жақсы. „Жасырғаның жоғалар, бергенің оралар“, – деп отырушы еді әжем марқұм. Ол кісі: „Берген үйде береке бар. „Берекем“ деген – періштенің аты. Бермейтін үйде біте бар, „біте“ деген – шайтанның аты. Пиғылы түзу адал адамның бергенінің есесін Алла өзі толтырады. Кіргеннің берекесін періштелер қорғап тұрады. Пейілден ортаймаңдар, мұқтажға қол созудан танбаңдар“, – деп отырушы еді рахметлік. Айналып келгенде мұның бәрі – халқымыздың даралығы мен дарқандығы»… (Б. Момышұлынан. 15.67-68-б.)

Мұндағы біте деп отырғаны көнеріп ескірген, тұрып қалған киім мен жүнге, мүлікке түсіп, оларды кеміріп бүлдіретін жәндік – күйені, құртты (моль) айтқаны. Иә, «бермейтін үйде» жатқан ондай зат, мүліктерге біте, күйе түсетіні рас қой .

БЕС БИЕНІҢ САБАСЫНДАЙ

«Жақсы әрі үлкен деген саба* бес жылқының терісінен жасалады. Зор денелі не етті-жеңді адамды «бес биенің сабасындай» екен деген сөз осыдан шықса керек.

«Төрт жылқының терісінен сабаның төрт қабырғасы шығады, оны сабаның бойы деп атайды. Сабаның бойы трапеция тәрізді пішіледі. Ал бесінші жылқының терісінен сабаның түбін шаршылап тігеді.

Болып-толып, кемеліне келген адамға «сабасына келіпті», ал ашуы басылған адамды «сабасына түсіпті» деген теңеу бар тілімізде. Ал сондай-ақ осыған байланысты халқымызда «Жалғыз ағаш пана болмас, жалғыз бие саба болмас», «Бес биенің сабасы, бес күн саусаң толмайды, жаманды қанша мақтасаң, жақсылардай болмайды» деген мәтел болса, Бұхар жырау: «Бәйбішеге жарасар еміздіктеген сабасы, келіншекке жарасар емшектегі баласы», – деген екен. (Д. Шоқпарұлы, 9.).

БЕС ЖАҚСЫ

Бес жақсы – қалыңмал немесе кісі құны ретінде төленетін дүние-мүліктің, малдың ең бағалы, басты деген бес түрі. «Бес жақсыны» кейде «бас жақсы» деп те атайды. Бұл «жақсылардың» түрі әр жерде әр түрлі: бір жерлерде оған нар түйе, жүйрік ат, қалы кілем, алмас қылыш, бұлғын ішік енсе, екінші бір жерде түзу мылтық, берік сауыт, бәйге аты, малдағы артық түйе және бір сырт киім жатады. Кейде мұндай жақсы аттар болмаған жерде әр жақсының орнына төрт ірі қараны немесе келісім бойынша басқа малды да, бұйымды да атаған…

*Саба – жүнін қырқып, ысқа салып, жылқы терісінен жасалған қымыз ашытатын ыдыс.

БЕС ТАҢБАЛЫ ҚЫПШАҚ

Орта жүз қыпшақ тайпасының құрамындағы ұзын, торы, көлденең, бұлтың, қарабалық руларынан өрбіген ұрпақты жинақтап, «Бес таңбалы қыпшақ» деп атайды. Шежіре дерегі бойынша Қыпшақтан – Сүлім алып, одан – Көбек алып, одан – Мүйізді, одан – Сары абыз, одан – «бес таңбалы қыпшақ» атанған Ұзын, Торы, Көлденең, Бұлтың, Қарабалық туған.

Шежіре дерегінің келесі бір нұсқасы Қыпшақ – Атансопы – Құл-ан-қытай – Сүлім алып – Мүйізді Сары абыз – Тоқтарбай – Қобылан-ды – Бөгенбай – Қаншошай – Қарадөң – Қарамерген деп келеді де, осы Қарамергеннен бес таңбалы қыпшақты өрбітеді. Бұл деректегі адамдардың басым көпшілігі қазақ фольклорындағы (жыр, ертек, аңыз) белгілі кейіпкерлер екені назар аударады». (А. Сейдімбек, 93. 434-б.)

БЕСҚОНАҚ

«Белгілі бір жұлдыздың батуынан келесі жылғы батуына дейінгі уақытты олар (есепшілер) бір жыл деп алды. Бұл аралықта 365 күн болатынын есепшілер жақсы білді. Осындағы 360 күнді шартты түрде 12 айға бөліп, әр айда 30 күн болады деп белгіледі. Қалған 5 немесе 6 күнді он екі айға қоспай, балақ күн немесе бесқонақ деп атады». (М. Ысқақов, 104. 220-221-б.).

Бесқонақ жұлдыздар ауысар кезде өтетіндіктен, бір күн боран, бір күн сырғыма, қатты жел болып, ауа райы құбылып тұрады. Сол себепті бесқонақ кейін келе амал атына айналып кеткен.

Қыс пен жаздың қақ ортасындағы (17—21 – наурыз аралығы) «түске дейін мүйіз, түстен кейін киіз» болып тұрып алатын «бесқонақты» есепшілер «Жуанның жіңішкерер, жіңішкенің үзілер тұсы» деп түсіндірген. Қазақ бұрын осы өлараны өткізбей жолаушы жүрмеген, көшпеген, жиын-той жасамаған, мал сойып, қонақ шақырмаған.

БЕС ТОҒЫСТЫҢ БЕТ ЖУАРЫ

«Наурыздың соңында шаруаға жайлы жағдай туғызар 5—10 күндік жауын-шашынды амал – Бес тоғыстың бет жуары. Бұл ай – ит шуақ, кемпір шуақ, ескек желді ай. Наурызда Үркер туа таң атады». (Ж. Кейкін, 42.).

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Кеңес Оразбекұлы читать все книги автора по порядку

Кеңес Оразбекұлы - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Қанатты сөз – қазына. 2-кітап отзывы


Отзывы читателей о книге Қанатты сөз – қазына. 2-кітап, автор: Кеңес Оразбекұлы. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x