Кеңес Оразбекұлы - Қанатты сөз – қазына. 2-кітап

Тут можно читать онлайн Кеңес Оразбекұлы - Қанатты сөз – қазына. 2-кітап - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Языкознание. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Кеңес Оразбекұлы - Қанатты сөз – қазына. 2-кітап краткое содержание

Қанатты сөз – қазына. 2-кітап - описание и краткое содержание, автор Кеңес Оразбекұлы, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
«Қанатты сөз – қазынаның» 2-кітабында халық арасына кең тараған мақал-мәтел, қанатты сөздердің 700-ден аса бірлігін жинап, қамтыдық. Олардың шығып-қалыптасу тегін танымал жазушылар, этнографтар, тарихшылар мен журналистердің, тағы басқа мамандық иелерінің халық салт-дәстүрлері мен этнографиясы, тарихы мен өмір-тіршілігіне қатысты ой-түйіндеу, мысал-деректері арқылы дәлелдеп көрсетіп, әр қайсысының мағыналарын ашып, түсіндірмелерімен толықтырып отырмыз.

Қанатты сөз – қазына. 2-кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Қанатты сөз – қазына. 2-кітап - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Кеңес Оразбекұлы
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

АРАНДАП ҚАЛДЫ

«Жым – аңдардың өздерінің қалың бұта арасына салып алған жолы. Сенен тұра қашса, жымға кіріп кетеді. Сен кіре алмай қаласың. Соны „жым“ дейді. Жымға қазақ „аран“ құрады. Анау тар жер ғой, теңселіп, ирелеңдеген сондай бір ұрымтал жерге істікті қойып, ағашқа бекітеді. Ана жақтан қуаласаң, үріккен аң ентелеп келген бетімен, көкірегімен қадалады. Соны қазақтар „аран“ дейді. Немесе аранның екінші түрі бар. Жолбарыс, аю секілді ірі аңдарды ұстауға арналған. Жерді қазған соң, үстін бұтамен, шөппен жауып, қазылғанын білдірмей қояды. Ал шұңқырдың ішінде үлкен-үлкен қазықтар болады. Аңдар шұқырға түссе болды, әлгі қазықтардың біріне қадалып, сол жерде қалады. Бұл тәсілді соғыста да пайдаланады. Ертеректе кәдімгі ағаштың басын жонып, қаламның ұшы секілді етіп, үшкірлеп көміп, аран жасаған. Қашқан жаудың әскері келіп қадалатын болған». (Ж. Бабалықұлы,24..204-295-б.).

Біреудің қулық-сұмдығына сеніп, алданып қалды. Өкініштен «қап» деп, санын соқты. Біреудің алдап соққан қақпанына түсті дегендей мағыналарды береді.

Күйек* – алжапқыш сияқты, бірақ одан анағұрлым кішілеу, қошқар-лардың жыныс мүшесін жауып тұратын мата жапқыш.

Тұтам* – бес саусақпен тұтқандағы көлемге шамалас, 4—5 еліге тең жуандық өлшемі.

АРҒЫМАҚ АТҚА КӨП МІНДІМ,

САДАҒА КЕТСІН БУДАННАН.

ЕР ЖІГІТПЕН ДОС БОЛДЫМ,

САДАҒА КЕТСІН ТУҒАННАН

Қарабайыр мен түркімен арғымағынан туған жылқыны будан деп атаған. «Арғымақ атқа көп міндім, садаға кетсін буданнан. Ер жігітпен дос болдым, садаға кетсін туғаннан», – деген атам қазақ. Өйткені, буданның бір түп жусан – азығы, бір түп жусан – қазығы. Будан ат екі түп жусанмен басыңды жаудан құтқарады. Ол күй таңдамайтын-дығымен, төзімділігімен, жүйріктігімен бағалы». (С. Шаухаманов. 31.31. 07. 2002.).

Бұл сөз тіркесі өзіміздікінен садаға кетсін немесе өзіміздікіне еш нәрсе жетпейді деген мәнде айтылады.

АРҒЫН АҒА БАЛАСЫ

«Қазақтың этноқұрылымдық жүйесінде қалыптасқан дәстүр бойынша, жүздік деңгейдегі ноқта ағалары: Ұлы жүзде – жалайыр, Орта жүзде – тарақты, Кіші жүзде – табын тайпалары. Дәл сол сияқты, аға балалары: Ұлы жүзде – ошақты, Орта жүзде – арғын, Кіші жүзде – әлім (қаракесек) тайпалары. Ал, қара шаңырақ иелері: Ұлы жүзде – албан, Орта жүзде – қыпшақ, Кіші жүзде – шөмекей тайпа-лары. Осындай мәртебелер рулық, аталық, әулеттік деңгейде де бар». (А. Сейдімбек, 93.143-144-б.).

Бүгінде мәні ескірсе де, бұл тіркестердің мән-мағыналарын ұғын-дыра кеткенді жөн көрдік.

Ноқта ағасы – ел ішінде жол, жөн бастауға құқылы деп, олардың орнын ерекшелеп, көтермелеп, арнайы сый-сияпаттар көрсетіп отырған.

Оған С. Мұқановтың мына түсіндірмесі дәлел: «Ат басына ауыз-дықсыз кигізілетін тұрман – ноқта. Оған шылбыр бау ғана… тағылады да, тоқтағанда, атты онымен байлайды. Қазақта (ноқта ағасы» – үлкен, басшы мағынасында қолданылады. Олай дейтіні, көне заманда әке балаларына енші бергенде, көш алдында жүретін ноқталы түйені үлкен ұл жетектеген.

Содан «ноқта ағасы» атанған». (С, Мұқанов, 77. 125-б.).

Аға баласы – үлкен (қара) шаңырақтың үлкен ұлынан тараған ұрпақ. Жасы үлкен-кішілігіне қарамай, жолы үлкен деп ерекше құрмет көрсетіп, көтермелеген.

Шаңырақ иелері – үлкен (қара) шаңырақтың кенже ұлынан тараған ұрпақ. Әдетте қара шаңырақ кенже ұлға мұраға қалған. Жасы үлкен-кішілігіне қарамай, келген кісі, қонақтар алдымен солардың үйіне түсіп, үлкен шаңырақ деп құрмет көрсетіп, дастарқандарынан дәм татуды міндет тұтқан.

АРҚАЛАНЫП КЕТТІ

«Соңғы кездерде, әсіресе, өнер адамдары туралы айтылғанда немесе жазылғанда, «аруақтанып кетті», домбыраны немесе қобызды «біраз тартқаннан соң аруақтанып шыға келді» деген сөз тіркестері жиі айтылатын болды. Мұндай кезде «арқаланып кетті», «арқаланып шыға келді» деу жөн. Тегінде өнер адамдарын «арқасы бар екен» демейтін бе еді?

Шынында «аруақ»* деген сөз өлген адамның рухы деген ұғымды бермей ме? Дәріптеп отырған адамымыз «аруақтанып кетсе», өліп қалғаны ма? Осы тіркесті тек адамға ғана емес, малға да қолданатын болдық.

Қазақ үлкен бір іс бастарда аруаққа сыйынатын, медет сұрағанда, аруаққа табынатын, жапа шеккенде аруақ шақыратын. «Аруақ» деген сөзді орынсыз қолданбайық, аруақты сыйлайық, аруақпен ойнамайық, ағайын». (Е. Бейсенбек. 9. 18.11.1993).

Иә, расында да «Аруаққа сиынды, табынды», «аруақ аттады», «аруақ (ұрды) атты», «аруақ қысты», «аруақ қолдады», «аруақ (демесін, жебесін) қолдасын», «аруаққа шет болма», «аруақ жар бола көр» және т.б. тіркестер ата-баба аруағын меңзеп тұрған жоқ па .

Аруақ* – араб сөзі, «рух» дегеннің көпше түрі: діни сенім бойынша, көзге көрінбейтін, табиғаттан тыс күштер, өлген кісінің, ұлы адамның (әулиенің) «жаны» мағынасында қолданылады. Ата-бабамыздың аруағы, аруақ қонған кісі тәрізді тіркестер де бар.

АРМЫСЫЗ!

«…Біздің қазақта да, меніңше, әр заманда әрқалай амандасып жүрді. Мәселен, Ислам діні біздің даламызға жайылмас бұрын бізде «ассалаумағалейкум!» «уағалейкумассалам!» деген амандасу түрі болған жоқ, әрине. Өздеріңізге мәлім, «ассалаумағалейкум!» деген сөз «саған Алланың нұры жаусын!» деген сөз. «Уағаллейкумассалам!» дегені «сізге де Алланың нұры жаусын!» дегенді білдіреді. Демек, бұл – таза дінге байланысты амандасу. Ал оған дейін көшпелі халықтар, оның ішінде қазақтар: «Армысыз!» деп амандасқан екен.. Сіз ақсақалға: «Армысыз, ақсақал!» деп амандассаңыз, ол кісі сізге: «Бар бол, балам!» деп жауап қайтаратын болған.

Ал енді мына кеңес дәуірінде дінге тыйым салынды да, мұсылманша амандасу, кітаптардағы, кейбір өлең, ауыз әдебиетінің нұсқаларындағы «Алла» деген сөзді алып тастады. Соның ықпалымен қалалықтар «сәлеметсіз бе» -ге көшіп алды. Ал Қытайдағы қазақтар қытайша «ниң хау маның» қазақшасын қолданып («хау ма» – сіз жақсымысыз» дегені), «жақсымыз» дейді. Қазір «ассалаумағалейкум!» деп те, «топ ортаға бір сәлем!» деп те амандаса береміз». (Қ. Жұмаділов, 31. 15.10.2014).

«Армысың» деген амандасу сұрағына адам «бармын» деп жауап беріп амандасады. Сонда қазіргі «ассалаумағалейкум» мен «уағалейкумассаламның» орнына өткен ғасыр қазағы осылай деп амандасып, әңгімені «ардан» бастағаны ғой.

«Армысың ба» деген сұрақты «сен арсың ба» деген сұрақ екендігін білеміз, оған «ия, бармын», яғни «арым бар» деп жауап береді. Қарап отырсақ, «ар» деген бейне бір «киелі зат, нәрсе» сияқты, адам өзін адаммын деп есептеуі үшін оның осындай «қасиетті бұйымы» – ары болуы керек екен, әлгі амандасу сұрағы адамның ең басты нәрсе ретінде осы ардың бар-жоғын анықтау болып тұр. Қазақ нашар, ұяты жоқ, көргенсіз, ең алдымен намысы жоқ адамды арсыз адам дейді, адамның ары болмауы – адамды хайуан деумен бірдей. Қазақтағы «жаным – малының садағасы, арым – жанымның садағасы» (басқа айтылу варианттары да бар) (Мысалы, «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» – К.О.) деген ұран боларлық сөздің мәні – жан үшін, жер бетінде тірі болып, өмір сүру үшін барлық мал мен байлық-дүниені құрбан етуге болады, ал ар – жаннан-өмірден де қымбат, сондықтан ар үшін өмірімді қиюға бармын дегенді білдіреді. Арлы болу да, арлану да жақсы қасиет екенін де білеміз». (С. Қондыбаев, 62. 140-б.)

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Кеңес Оразбекұлы читать все книги автора по порядку

Кеңес Оразбекұлы - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Қанатты сөз – қазына. 2-кітап отзывы


Отзывы читателей о книге Қанатты сөз – қазына. 2-кітап, автор: Кеңес Оразбекұлы. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x