Кеңес Оразбекұлы - Қанатты сөз – қазына. 2-кітап

Тут можно читать онлайн Кеңес Оразбекұлы - Қанатты сөз – қазына. 2-кітап - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Языкознание. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Кеңес Оразбекұлы - Қанатты сөз – қазына. 2-кітап краткое содержание

Қанатты сөз – қазына. 2-кітап - описание и краткое содержание, автор Кеңес Оразбекұлы, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
«Қанатты сөз – қазынаның» 2-кітабында халық арасына кең тараған мақал-мәтел, қанатты сөздердің 700-ден аса бірлігін жинап, қамтыдық. Олардың шығып-қалыптасу тегін танымал жазушылар, этнографтар, тарихшылар мен журналистердің, тағы басқа мамандық иелерінің халық салт-дәстүрлері мен этнографиясы, тарихы мен өмір-тіршілігіне қатысты ой-түйіндеу, мысал-деректері арқылы дәлелдеп көрсетіп, әр қайсысының мағыналарын ашып, түсіндірмелерімен толықтырып отырмыз.

Қанатты сөз – қазына. 2-кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Қанатты сөз – қазына. 2-кітап - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Кеңес Оразбекұлы
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Бұл сөз тіркесі кейде «Алты алаш» деп те аталады. Алты алаш туралы ел аузында әр түрлі пікірлер айтылады. Оның бірінде бұл санатқа алты ұлтты кіргізсе, енді бірінде жоғарыда айтылғандай, қазақтың өз ішіндегі тайпалар бірлестігі жатқызылады. Солардың бір-екі варианты мынадай:

а) 1.Қазақ. 2.Өзбек. 3.Қарақалпақ. 4.Башқұрт. 5.Ноғай. 6.Татар.

ә) 1. Өзбек 2.Қазақ. 3. Ұйғыр. 4.Түрікпен. 5.Қырғыз. 6.Қарақалпақ.

Бір ұлт, халықтың өзі бірнеше ру, тайпадан құралады немесе бірнеше ру, тайпа жиылып бір халықты құрайды деген мағынаны береді. «Қырық сан қырым» тіркесі қазақтың «Қырымның қырық батыры» эпостық батырлар жырын да еске түсіретіндей .

АЛТЫ ТАСПА БҰЗАУ ТІС,

БЫЛЖЫРАМАЙ АТТАН ТҮС

«Әсілі, мықты қамшыға ең керегі он екі таспа. Он екі таспадан өрілген өрім алты қырлы болып түседі. Қамшының бұл түрі көзге де сұлу көрінеді, әрі атқа мінеген адамға айбат беретін қару есебінде болып келеді. Одан кейінгісі сегіз таспа төрт қырлы болып шығады. Ал, алты таспадан өрілген қамшы дөңгелек болып түседі. Оны бұзау тіс қамшы деп те жатады. Бұл енді кез келген адам ұстайтын қамшының жеңілдеу, қарапайым түрі. „Алты таспа бұзау тіс, былжырамай аттан түс“ деген сөз содан қалған». (Ш. Екеев.).

Ел, жер қыдырған қыдырымпаздар мен хабаршыларды, қыр көрсетіп маңғазсынған адамдарды сабасына түсіріп, мысын басу үшін айтылатын нақыл сөз.

АЛТЫ ТҰТАМ АТ ҚАМШЫ,

ЖЕТІ ТҰТАМ ЖЕР ҚАМШЫ

«Егер, қажетті материалың, яғни, тобылғы, қайыс былғары және өткір бәкің мен жеңіл қайрағың даяр тұрса, бір қамшыны бір сағаттың мөлшерінде жасап шығаруға болады. Сабы тобылғыдан жасалады. Тобылғының сабының ұзындығы алты тұтам болуы тиіс. Ел ішінде „Алты тұтам ат қамшы, жеті тұтам жер қамшы“ деген де сөз бар. Ал, бәйгеге шабатын шабандоздар мен балалар ұстайтын қамшыны жеңілдеу болсын деп, оның сабын төрт тұтам тобылғыдан жасайды. Бұрынғы уақытта қыз балалар ұстайтын қамшының тобылғысының үстін қайыспен қос сақиналап басады екен. Қазіргі күні бұл ғұрып ұмтылған десе де болады». (Ш. Екеев.).

Қамшыны сипаттап, ерекше қасиетін ашып көрсетерде айтылады. Екінші сыңарын кейде «Жеті тұтам «жез қамшы», «Жеті өрім қамшы» деп те айтады.

АЛЫП АНАДАН ТУАДЫ

«Ана құрсағындағы жан иесі тоғыз айдың ішінде, тіршіліктің әр сатысындағы табиғатта бар он сегіз мың ғаламдық жолын басып өтеді. Былайша айтқанда, бір клеткалық „қарапайым тіршілік“ кезінен бастап, адамға дейінгі жетілу баспалдақтарын басып өтеді. Бұл табиғат жаратылыстарының ішіндегі аса күрделі құбылыстарына кететін миллиондаған жылдарды адам баласы анасының құрсағында жатқан тоғыз айда-ақ басып өтетіндігі, тек табиғат шеңберінің ғана құдіретіне сыйса керек. Олай болса, адам ғұмырының ең ұзақ та ауыр жолы ана құрсағында қалыптасады екен. Міне, осынау өсу сатысында, жан иесінің жүрек тәрбиесін тек ана сезімі ғана дұрыс бағыттап, жетілдіріп отырады. Тап осы кезеңде адамшылықтың алтын діңгегі болып саналатын, күллі тәрбие атаулының арқауы – жүрек тәрбиесінің мазмұны қалыптасады. Мінеки, осындай өте нәзік, табиғат құбылыс-тарын тереңінен тартып түсіне алған халық даналығы: „Алып анадан туады“ деп тұжырымдағанын зор мақтанышпен айтуға болады. Мейірімді ананың парасаты мен дарқан мінезді әженің шапағаты дүниеге келген сәбиді халықтық тәлімнің ғасырлар бойы қалыптасқан алтын бесігімен тербеп отырып ер жеткізеді». (13).

Бұл сөз тіркесінің толық нұсқасы: Ат – биеден, аруана – түйеден, алып – анадан» болуы мүмкін.

АНА МЕН БАЛА КІНДІКТЕС

Ана мен баланың өзара жақындығын, ыстықтығын, қымбаттығын бейнелегенде қолданылады.

Атамыз қазақта: «Ана мен бала кіндіктес» деген сөз бар. Өйткені, құрсақ көтерген әрбір ананың көңіл күйі іште жатқан нәрестеге тікелей әсер етеді. Анам жарықтық: «Балаң жақсы болсын десең, үнемі жақсы нәрсеге көз тоқтатып, жақсылықты ғана ойла» дейтін. Ана баласын емізгенде өзін салмақты ұстап, еміренсе, емшегі иіп, сүті көбейіп, балаға жұғымдылығы артады. Бала рақаттанып, терлеп-тепшіп емеді. Тыныш емген бала ақылды болады. Баланы емізіп отырған ана ашуланса, дауыстап сөйлесе, бала шошынып қалады. Жас сәбидің мінезінің өзгеруіне ол да әсер етпей қоймайды». (Н. Ырысбекова.).

АПАМ ҮЙІ – АҚ ЖАЙЛАУ

«Қазақта бауырларының шалғай елге ұзатылып кеткен апаларын ер жеткен соң іздеп бару салты болған. Сағынтып келген бауырымен қауышқан апаның қуанышын айтып сөз жетпес. Өткеннен де, кет-кеннен де ата-анасы, бауырларының амандығын сұрап, сағыныштан әбден құсаланып, зарығып жүргенде, інісін көріп көзайым болып, өшкені жанып, өлгені тірілгендей күй кешеді. Қайран апа бауырына көңілі тойып, мауқын баса алмай, ертелі-кеш айналып-толғанып, барлық тәтті-дәмді, жылы-жұмсағын соның алдына жайып, аузына тосады екен. Сірә, „Апам үйі – ақ жайлау“ деген сөз де осындайдан қалған болса керек». (М. Ниязбеков, 82.10-б.).

Бұл сөз тіркесін кейде ер кіндікті бауырларына қаратып, «Ағам үйі – ақ жайлау» деп айтатыны да бар.

АРАЛ МЕН СЕМЕЙ ҚАСІРЕТІ

«Арал мен Семей – ХХ ғасырдағы Қазақ халқының басына түскен нәубет-тауқыметтердің жиынтық образдарына айналған топонимдер. Теңіздің тартылуы – ойсыздық пен жөнсіз әміршілдіктің (Кеңестік тоталитаризм кезеңіндегі – К.О.), ал Семей полигоны (ядролық сынақ полигоны – К.О.) – тұтас халыққа істелінген қиянаттың ең танымал ескерткіштері». (С. Қондыбаев, 9. 6.10.94.)

«Арал мен Семей қасіреті» дегенде біз тартылған теңіз табанынан көтерілген тұзды шаңның, полигондағы ядролық сынақтан жер бетіне шөгіп қалған радияцилық сәуленің зардаптарын айтып отырмыз. Олар сол өңірлердегі табиғат пен тұрғын халқына қатты әсер етіп, талай адамдар денсаулықтарынан айрылды, мүгедектікке ұшырады, қайғы-қасіретке тап болды. Міне, осындай экологилық зардаптардың табиғатқа, адамзатқа тигізген әсерін Арал мен Семей қасіреті дейміз .

АРАМЗАНЫҢ ҚҰЙРЫҒЫ БІР-АҚ ТҰТАМ

«Қойдың төлі – қозы. Қойлар көктемсіз төлдемес үшін, қошқарға күз айларында күйек* байлайды. Қыс туатын қозылар «арамза» аталады. Ол жүдеубас болады. «Арамзаның құйрығы бір-ақ тұтам* (кішкене мағынасында) деген мақал содан». (С. Мұқанов, 77. 83-б.).

«Қазақтар иттің ақ, сары, шымқай қара (меңсіз қара) түстісін ұнатпайды. Ор және төрткөз итті қолға мүлдем ұстамауға тырысады. Онан гөрі төбел, ақтөс, алаяқ, аласын „иесіне адал серік“ ретінде артық бағаласа, құйрығының ұшында ғана кездесетін ағын „арамза“ деп танып, оның бір тұтамдайын кесіп тастайды. „Арамзаның құйрығы бір-ақ тұтам“ деген тіркес осыған қатысты тууы ықтимал». (Б. Қиянатұлы. 9. 30. 11. 1995.).

Арамдық пен қулықтың, өтіріктің өмірі қысқа, ерте ме, кеш пе оның жайы ашылады, әшкере болады дегенді аңғартады.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Кеңес Оразбекұлы читать все книги автора по порядку

Кеңес Оразбекұлы - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Қанатты сөз – қазына. 2-кітап отзывы


Отзывы читателей о книге Қанатты сөз – қазына. 2-кітап, автор: Кеңес Оразбекұлы. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x