Кеңес Оразбекұлы - Қанатты сөз – қазына. 2-кітап

Тут можно читать онлайн Кеңес Оразбекұлы - Қанатты сөз – қазына. 2-кітап - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Языкознание. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Кеңес Оразбекұлы - Қанатты сөз – қазына. 2-кітап краткое содержание

Қанатты сөз – қазына. 2-кітап - описание и краткое содержание, автор Кеңес Оразбекұлы, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
«Қанатты сөз – қазынаның» 2-кітабында халық арасына кең тараған мақал-мәтел, қанатты сөздердің 700-ден аса бірлігін жинап, қамтыдық. Олардың шығып-қалыптасу тегін танымал жазушылар, этнографтар, тарихшылар мен журналистердің, тағы басқа мамандық иелерінің халық салт-дәстүрлері мен этнографиясы, тарихы мен өмір-тіршілігіне қатысты ой-түйіндеу, мысал-деректері арқылы дәлелдеп көрсетіп, әр қайсысының мағыналарын ашып, түсіндірмелерімен толықтырып отырмыз.

Қанатты сөз – қазына. 2-кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Қанатты сөз – қазына. 2-кітап - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Кеңес Оразбекұлы
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

АЛТЫ АРЫС ЕЛ

«Қазақ шежірелерінде Ұлы жүзді алты арыс (тайпа) ел дейтін де дерек бар. Олар: Бәйдібектің бірінші келінінен туған Сарүйсін – бірінші арыс, екінші келінінен туған Шапырашты, Ошақты, Ысты – екінші арыс, үшінші келіннен туған Албан, Суан, Дулат – үшінші арыс, құрамына Шанышқылы мен Қатағанды қосып алған Қаңлы – төртінші арыс, Жалайыр – бесінші арыс, Сіргелі – алтыншы арыс. Шежіре деректерінде Бәйдібектің ағасы Байдұлладан тарады делінетін Шақшам ұрпағы санының аздығына байланысты тайпалық өреге кейіндеу жеткен. Орта жүз де алты арыс ел – Арғын, Найман, Қыпшақ, Қоңырат, Керей, Уақ. Тарақты тайпасы Тәуке ханның «ноқта ағасы» институтын енгізуіне байланысты кейін дараланған сияқты»…Кіші жүздің он екі ата Байұлы да алты-алты тайпадан екі бірлестіктің қосылуы арқылы құралғаны байқалады. Әлім бірлестігі де алты арыс ел. Шежіре деректерінде Жетіру бірлестігінің де алғашқыда алты арыс ел болғаны, Тама тайпасының Жетіру бірлестігіне кейін қосылғаны айтылады». (А. Сейдімбек, 93. 86-б.).

Бір қауым ел деген мағынаға жақын.

АЛТЫ ЖАСАР БАЛА ЖОЛ ЖҮРІП КЕЛСЕ,

АЛПЫСТАҒЫ ШАЛ БАРЫП АМАНДАСАДЫ

«Жалпы ауыл адамдары ұзақ сапардан келген ағайынға жиылып келіп амандасу немесе алыс сапарға аттанғалы жатқан адамға жиылып барып» «жол болсын»деп тілек айту дәстүрі болған.» Алты жасар бала жол жүріп келсе, алпыстағы шал барып амандасады» деген мәтел соның айғағы. (С. Қалиев, М. Оразаев, М. Смайылова, 75.34.)

«Алыстан қонақ келсе – ауыл адамдары оған міндетті түрде сәлем береді және үйіне шақырады. „Алыстан алты жасар бала келсе – алпыстағы адам барып сәлем береді“ деген қазақтың ғажап әдептілік мәтелі бар». (С. Кенжеахметұлы, 43.).

АЛТЫН КҮРЕК

«Алтын күрек – көктем желі. Арқа жұртында көктем желінің бірнеше атауы бар. Көктемгі қар ерітер қатты желді тұтастай Өкпек жел дейді. Оның аса қатты, екпіндей соққан сәттерін Атанжығар деп те атайды. Бұл жел өткір, салқын болғанымен, қарды қатырмайды, ерітеді. Өкпек жел кей мезгілде қар аралас жаңбырлы да болып келеді, кейде қара жаңбырлы болады. Осы желдің сәл жұмсақтауын Ебінің желі дейді. Арқа жұрты көктемгі күн мен түннің теңесуін „Самарқанның көк тасы еритін күн“, көктемнің басы деп, осы кеште наурыз көже деп көршілік қонақасы береді. Міне, нақ осы тұста оңтүстіктен соғатын жылы желді – Алтын күрек деп атайды. Бұл атау қарды өндірте ерітуіне қарай қойылған. Алтын күрек желі шынында да, күреп тастағандай, жерді қардан тез-ақ аршып тастайды». (С. Шүкірұлы, 9. 23.08.2001.)

Бұл сөз тіркесін негізінен оңтүстік өлкенің адамдары қолданады, соған қарағанда оңтүстікке тән жылы, қарды күреп ерітетін желдің түрі болса керек .

АЛТЫН АЗБАЙДЫ, ДАУ ШІРІМЕЙДІ

«Алтын азбайды, дау шірімейді», – дейді халқымыз. Яки, дәугерлер жеті атадан бергі дауды да қуып, биге жігунуге хақылы». (М. Тағыбергенұлы.).

Мұндағы айтылмақ ой, алтын – асыл металл, сондықтан ол бүлінбейді, тозбайды. Дау ескірмейді.

АЛТЫН ЕРІҢ АТҚА БАТСА,

АЛТЫНЫН АЛ ДА ОТҚА ЖАҚ

Қанша асыл, бағалы дүние болса да, біреуге немесе өзіңе зиян, залалы тиетін болса, одан құтыл, садақа, құрбандыққа бер деген мағынаны береді.

«Ел ағасы атанған сыйлы адамдарды ақындар:

Бір тайпа елдің басы еді,

Алтын елдің қасы еді, —

деп мақтаған. Кейбіреулері музейлерде сақталған ондай тұрман-дар нәзік шеберліктің куәсі іспетті. Алайда халықтың қастерлейтіні сәнді алтын тұрманы емес, аты болған. Сондықтан: «алтын ерің атқа батса, алтынын ал да отқа жақ» деген мақал қалған». (С. Мұқанов, 77. 126-б.).

АЛТЫН КӨРСЕ, ПЕРІШТЕ ЖОЛДАН ТАЯДЫ

«Алтын көрсе періште жолдан таяды». Бұл тәмсіл сонау заманда да бар екен. Біреудің дүниеқұмарлығын әшкерелегенде айтылса керек. Періште жолмен келе жатады. Жол жиегінде алтын жатыр екен. Соны алмаққа бола періште жолдан шығады дейді. Жұрттың бәрі осылай түсінеді. Ал бұдан 60—70 жыл бұрын атам Нұрсұлтан маған бұл тәмсілді мүлде басқаша айтып еді.

Періште келе жатады. Жолында алтын жатыр. Алтынды алмау, оған жоламау үшін періште жолдан таяды. Меніңше тәрбиелік мәні бар нағыз тәмсіл осы болмақ». (Ж. Нұрмахан, 9. 25—31.08. 2011.).

«Зерделей келгенде, бұл мақал алтын көрген періште оны айналып өту үшін тура жолынан бұрылуға мәжбүр болады деген мағынаны береді екен. Шындығында да жолда жатқан алтынның бәрін құшақтай құласа, оның қай жері періште?

Сондықтан да ақиқат жолынан ауытқып жүргендер осы мақалды малданып, өздерін періштеге апарып теңеп әуре болмай-ақ қойсын…» (Қ. Әбіл, 31. 30. 07. 2008.).

Ал бұл мақалдың қазіргі мағынасы: Егер біреу, алтын, байлық, ақша ұсынып жатса, періштедей таза адамның өзі әділеттілікті белден басып, тура жолдан таяды, ақшаға, мол тегін байлыққа қызықпай қоймайды деген мағынада қолданады. Адамдардың дүниеқұмарлығын, дүниеқоңыздығын әшкерелегенде айтылады.

Бір өкініштісі, Жанаш ата келтірген екінші тәмсілдегі мәнінен айырылып қалған.

АЛТЫ САН АЛАШ

«Сан. Сандық ұғым қазақ халқында ерте кезде тек мыңдыққа дейін ғана жақсы дамыған. Тұрмыс-тірлікте одан жоғары, күрделі сандарды қолданудың қажеті де шамалы болған. Сондықтан „миллион“, „миллиард“ сияқты терминдерді пайдаланбаған. Есеп мыңнан асқан жағдайда „түмен“ (туман) деген терминді қолданған. Бір түмен он мыңға тең. Ал егер есеп жүз мыңнан асса, „сан“ терминін пайдаланған. Бір сан – жүз мыңға тең болған. Тілімізде „Алты сан алаш“ деген тіркес бар. Ол қазіргі есеппен „алты жүз мың алаш“ дегенді білдіреді. Қазақтың ең көп есебі „мың сан“ болған, ол – жүз миллионға тең». (Д. Жүнісов, 9. 1—6.05.2014.).

Ал, «алты сан алаш» деген тіркес көп сан халық, қазақтың құрамы көп, төрт көзіміз түгел деген мағыналарды білдіреді .

АЛТЫ САН АЛАШ,

ҚЫРЫҚ САН ҚЫРЫМ

«Халық әдебиетінде ежелден келе жатқан „Он сан оймауыт, тоғыз сан – торғауыт, сегіз сан – сейілхан, жеті сан – жем (бойындағылар, келімсіктер), алты сан – Алаш, қырық сан – Қырым“ деген ұғымдар бар екендігі белгілі. Солардың шешуіне келсек: он сан оймауыт дегеніміз – ноғайлы елі, ноғай халқы, тоғыз сан торғауыт – қалмақтар, сегіз сан сейілхан – сегіз арыс түрікпен халқы, алты сан Алаш – қазақ халқы. Мұның кейде Түрік ханнан тараған алты халық мағынасын беретіні бар. Осылардың бәрі жиналып, кезінде қырық сан қырым аталған. Қырымымыз – қазіргі Қырым түбегі. Демек, Қырым ерте замандарда аталмыш елдердің бәрінің орталығы болғанға ұқсайды. Соңында қырық сан халық бөлініп-бөлініп, әрбір ұлт, әр ел өз алдарына енші алып кеткен деген жорамал бар». (М. Жаданов, 9. 1.10.1993.)

«Ақ Орда құрамына кірген тайпалардың ішіндегі алты арыс ел – қыпшақ, жалайыр, найман, қоңырат, қаракесек (арғын), алшындар – Шыңғысханның батысқа жасаған жорығының алғашқы кезінде- ақ «алты сан алаш» деген атпен Жошы ұлысына енген. Жошы хан оларды үйсін Майқы би арқылы басқарған. «Алты сан алаштың ол кездегі қоныстанған жері – Алтай мен Каспий теңізінің аралығы, бір шеті Тобыл мен Сыр бойы, Жетісу өлкесі. 13-ғасырдың екінші жартысында бұлар одақ болған ізімен Алтын Ордадан бөлініп, Ақ Орда атты мемлекет болған». (М. Қани, 55. 209-б.).

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Кеңес Оразбекұлы читать все книги автора по порядку

Кеңес Оразбекұлы - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Қанатты сөз – қазына. 2-кітап отзывы


Отзывы читателей о книге Қанатты сөз – қазына. 2-кітап, автор: Кеңес Оразбекұлы. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x