Кеңес Оразбекұлы - Қанатты сөз – қазына. 2-кітап
- Название:Қанатты сөз – қазына. 2-кітап
- Автор:
- Жанр:
- Издательство:неизвестно
- Год:неизвестен
- ISBN:9785449889812
- Рейтинг:
- Избранное:Добавить в избранное
-
Отзывы:
-
Ваша оценка:
Кеңес Оразбекұлы - Қанатты сөз – қазына. 2-кітап краткое содержание
Қанатты сөз – қазына. 2-кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок
Интервал:
Закладка:
«Сонымен арийлік – нақты айқындалған рух – арий рухы ретінде мойындалуы тиіс. Арий болудың мемлекеттік маңызы бар еді, арийліктер Қостанай қаласының жанында орналасқан Сынтаста және Арқайым қалалары өркениетін құрушылар болып есептеледі. Арийлердің рухы қазақтарға да тән еді. Қазақтардың үлкен қауымға немесе көп болып жиналған халыққа „Армысыздар“ деп ілтипат көрсетуі тегін емес қой. Бұл яғни біз арлар арларға сәлем бердік дегенді білдіреді ғой. Радио тілшілері қазақ тіліндегі хабарларын дәл осылай бастайды. Бірақ өкінішке қарай, соңғы уақытта сәлемдесудің мұндай түрі сирек қолданылып жүр». Е. Омаров, 308-бет.
Сондай-ақ қазақ тілінде «ар» түбір тіркесін құрайтын сөздер жиілігі Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл – Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы мамандарының зерттеуі бойынша, басқа әріп тіркестеріне қарағанда ең жоғары (600 мыңнан аса) көрсеткішке жетіп отырғаны көп нәрсені ұқтырғандай. Мәселен, қазақ тіліндегі ар, ар-ұят, ар-ождан, ардақ, артық, ардагер, арқау, арыс, арыстан, арғын, арман, аран, арсыз, арай, аралас, арғымақ, арда, ару, аруана, арқа, арал, арша, араша, арқан, арық, олар, бұлар және т. б. сөздерден арийлік иіс аңқып тұрған жоқ па.
АРУАҚ АТТАҒАН, ОҢБАС*
Аруақты қорлады, ар-ұятын аяққа басты, әдет-ғұрыпты бұзды, ондай адамның жолы болмайды, оңбайды деген мағынада.
«Түркітілдес халықтардың ішінде ата-баба аруағын пір тұтқан, оны сыйлап, сыйынып отырған біздің бабаларымыз екені – шындық. Аруақ сыйлау бұрынғы өткен зиялы адамдардың – ақындардың, батыр-лардың, ру, тайпа көсемдерінің аруақтары қиналған кезде желеп-жебеп жүрсін, мақсат-мұратымызға жетуге себепкер болсын деген ұғымнан туындаса керек. Қазақ аруақты айтқанда ұшатын бүркіттей қомданып, еңсесі көтеріліп қалады. Басқа уәжге тоқталмаса да, аруаққа тоқтайды.
«Мен оған аруағымды қорлатпаймын», «Аруақ аттаған, оңбас» тағы да басқа осындай қанатты сөздер халқымыздың ата-баба аруағына деген шын пейілінен, ыстық жүрегінен туған». (Ж. Бабалықұлы, 24. 305-б.).
«Аруақ қолдасын» деген сөзді аузынан тастамаған ата бабамыз тек бұл сөзді жай ғана қолдануды немесе шексіз фанаттықпен табынуды емес, өткенмен қарым-қатынасты қамтамасыз ететін, ұлттық шабыт пен жігердің тұтастығынан «жіпсіз жалғанған» тылсым байланысын үзбеудің тәсілі деп айта аламыз. Міне, намыс пен жігер, ұлттық пен отаншылдықтың жауынгерлік рухы біздің ділімізде осы Аруақ шақырудан тікелей туындайды. Егер біз оны шариғатта айтылмаған деп ділімізден алып тастайтын болсақ, онда ұлттық жауынгерлік рухтан да қол үземіз деген сөз». (Берік Аташпен сұқбаттан. 47. 12.04.2013.)
Батыр бабаларымыз жауға шапқанда, жиын-тойда отырған би-шешендер бір ерек істі бастарда, «Аруақ қолдасын» деп ата-баба рухына жүгініп, бойларына рух, қуат жинайтын болған. Бұл ұран бүгінгі күндері де маңызын жойған жоқ.
АРЫСТАНБАБҚА ТҮНЕ,
ҚОЖА АХМЕТТЕН ТІЛЕ
(Екінші нұсқасы) *
«Қожа Ахметтің ұстазы Арыстанбабты 33 мың сахабаның бірі деп айтуға болатын сияқты. Өйткені, дін аңыздары бойынша, Арыстанбаб Пайғамбардың көзін көріп, оның ұлы қасиеті – Мұғжизасына куә және аманатына адал болған әулие. Ел піріне саналған кие – дана. Сондықтан халық «Арыстанбабқа түне, Қожа Ахметтен тіле» деп текке айтпаса керек. Әулиенің қасиетіне байланысты «Баптардың бабы Арыстанбаб» деп ерекше дәріптеледі. Сыр бойында көне Отырар жерінде мазары
тұрған әулиеге деген құрмет пен тағзым кеңестік дәуірде де тоқтаған жоқ. Кейбір деректерде есімі мұсылман елдеріне етене жақын әулие көптеген діндерді біліп, оларды зерттеп, дұрыс-бұрысын саралаған ғұлама ретінде танылады». (О. Қауғабаев.).
Егер Қожа Ахметтің басына барып, зиярат етіп, тілек тілегің келсе, ең алдымен оның ұстазы Арыстанбаб әулиенің алдынан өт немесе түнеп, ғибадат ет. Сонда ғибадатың толыққанды болып, тілегің қабыл болады деген мағынаны береді.
* «Арқаланып кетті» тақырыпшасын қараңыз.
* «Қанатты сөз – қазына», бірінші кітабын қараңыз.
АРТҚЫ АЙЫЛДЫҢ БАТҚАНЫН
ИЕСІ БІЛМЕС, АТ БІЛЕР,
АҒАЙЫННЫҢ АУҒАНЫН
ЖАҚЫНЫ БІЛМЕС, ЖАТ БІЛЕР
Яғни, «Сырт көз – сыншы» деген мағынаға жақын сөз.
«Екі айылдан (тартпадан) атқа көбірек бататыны – қарыннан тартылатын шап-айыл. „Артқы айылдың батқанын иесі білмес, ат білер, ағайынның ауғанын жақыны білмес, жат білер“ деген мақал осыдан туған болу керек. Шапқанда болмаса, шап айылды қазақ бос ұстайды. Төс айыл үнемі қатты тартылады. Өйткені, ол қаусыратын тұста тынысты қорғайтын төс сүйек бар». (С. Мұқанов, 77. 125-б.).
АС ИЕСІМЕН ТӘТТІ
«Қоқан хандығына қазақтан елші барғанда, оларды өлтірмек боп алдына у себілген ас қояды. Шыдамсыздау біреуі астан бір- екі асап, өліп кетеді, аман қалғаны қашып құтылады. Осыдан кейін бейтаныс елге барған қазақтар алдындағы асты әуелі үй иелеріне алдырып, уланбағандарына көздері жеткен сон ғана жейтін болған екен. „Ас иесімен тәтті“ деген сөз сондай сенімсіздіктен туып, содан қалған болса керек… … бірақ бертін келе ол бұрын байқалмаған жаңа мәнге ие болған». (Ә. Диваев, 30. 27-б.).
Бүгінде бұл мәтел үй, ас иесі дастарқан басында бірге отырғанда ғана дастарқанның сәні кіреді, ас дәмді болады, дастарқанда әңгіме-сұқбат құрып отырғанда, ас бойға жақсы сіңеді деген мағынада айтылған.
АСЫҒЫ АЛШЫСЫНАН ТҮСТІ
Кімнің сақасы алшы түссе, бірінші ату кезегі соған тиеді. Тіліміз-дегі «асығы алшысынан түсті» деген тұрақты сөз тіркесі осылай қалыптасқан. Әдетте бұл сөз біреудің жолы болып олжалы болғанда, бәйге, сыйлық алғанда, ұтыс шыққанда т. с. с. жағдайларда айтылады». (Д. Шоқпарұлы, 9. 17.02.94).
Жолы болғыш, олжалы адамдарға қаратып айтылады .
АСЫҚ ОЙНАҒАН АЗАР,
ТОБЫҚ ОЙНАҒАН ТОЗАР,
БӘРІНЕН ДЕ ҚОЙ БАҒЫП,
ҚҰЙРЫҚ ЖЕГЕН ОЗАР
«Қазір көпшілік „Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар“ деп жүр. Бұл заманның талабына орай өзгерген тіркес болса керек. О баста „Асық ойнаған азар, тобық ойнаған тозар. Бәрінен де қой бағып, құйрық жеген озар“ деп айтылған. Ойын баласы қай ойынды да азғанша ойнауға әзір. Содан ата-ана баласын күндіз-түнгі ойыннан шектеп, басқа да пайдалы іс-әрекетке тарту мақсатында осындай тіркесті шығарса керек. Ал, тобық деген қандай ойын? Тобық – малдың артқы аяғының сүйегі. Өзі асықтай ғана. Мүжілген тобық сүйегін қазақтар өзара бәстесу құралына айналдырған. Егер біреудің қандай да бір затын алғысы келсе немесе бір затқа бәстескісі келсе, онда екінші адамға осы тобықты жасыруды ұсынады. Бәстесуші адам тобық жасырушыға „мен тобықты сұрағанда, таңдайыңнан алып бер“ деп шарт қояды. Талап әр түрлі болуы мүмкін. Бірі „сұрағанда жанқалтаңнан алып бер“ десе, енді бірі „тіліңнің астынан беретін бол“ дейді. Ойын мерзімі шектеусіз. Бәстесуші қалайда жеңу үшін оңтайлы сәтті күтеді. Бәстен жеңілмес үшін, тобық жасырушы да біраз әуреге түсері анық. Өйткені, ойламаған жерден әлгі бәстескен адамы алдынан шыға келуі мүмкін ғой. Бәстің шартын үнемі ұмытпай жүру оңай шаруа емес, әрине. Екінші жағынан, тобықты таңдайға салып, тілдің астынан алып беремін деп жүріп, тамағына қарай кетіп қалса қайтеді? Міне, сол үшін „тобық ойнаған тозар“ деген сөз қалған». (К. Елемес. 102. 20.03.2013.).
Читать дальшеИнтервал:
Закладка: