Мұхтар Бақытұлы - Мақалалар жинағы

Тут можно читать онлайн Мұхтар Бақытұлы - Мақалалар жинағы - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: История. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.
  • Название:
    Мақалалар жинағы
  • Автор:
  • Жанр:
  • Издательство:
    неизвестно
  • Год:
    неизвестен
  • ISBN:
    9785005104557
  • Рейтинг:
    4/5. Голосов: 11
  • Избранное:
    Добавить в избранное
  • Отзывы:
  • Ваша оценка:
    • 80
    • 1
    • 2
    • 3
    • 4
    • 5

Мұхтар Бақытұлы - Мақалалар жинағы краткое содержание

Мақалалар жинағы - описание и краткое содержание, автор Мұхтар Бақытұлы, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Кітапта автордың әр-түрлі тақырыпта өлкетанушылық бағытта жарыққа шығарған мақалалары жинақталған. Кітап Ұлытау өлкесінің тарихын білгісі келген оқырманға арналады.

Мақалалар жинағы - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Мақалалар жинағы - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Мұхтар Бақытұлы
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать
Бұл бөлімде тарихнамада орын алған Найманнан Бағаналыға дейіңгі шежірешілердің арасындағы пікір-таласқа қатыспай, шежіре кестесін 2002 жылы шыққан шежіреге сүйеніп келтірдік. Өйткені, шежірешілер Бағаналы руы қайдан пайда болғанын нақты айтпайды. Көбісі Бағаналының тегі Найман деп, ешқандай күмән туғызбай жазса, кейбір зерттеушілер оны дербес тайпаға жатқызады. Біреуі Бағаналыны Төлекатайдан тарқатса, Екіншісі Белгібайдан бірақ шығарады. Сондықтан, нақты дерек қашаннан ұмытылып, әр шежіреші өз ұстанымына берік болып, өз пікірін қорғауға құқығы бар болғандықтан, біз полемикаға бой алдырмай ескі шежіреміздегі кестеге сүйене отырып, өз ойымызды осы екінші бөлімге кіргіздік.

Үшінші бөлім тегіс Жылкелді ұрпақтарының белгілі тұлғаларының өмірбаянын мүмкіндігінше қысқаша сипаттауға арналады. Аллаға шүкір, мың өліп мың тірілген елімізден, қиын-қыстаулары мен соғыстарға толы, жұт пен аштық жиі серік болған замандарға қарамастан, текті бабамыздан текті ұрпақ өрбіді. Сол ұрпақ туралы, кеудені керіп тұрып мақтанатын тарихи тұлғаларымыз туралы, еті тірі, өз ісіне берік те адал да болған ағайындар туралы ақпарат пен мәліметтерді, естеліктер мен омірбаяндарын осы бөлімде мүмкіндігінше толық көрсетуге тырыстық.

Төртінші бөлімде Жылкелді ұрпақтары туралы кітаптарда, мерзімді басылымдарда жазылған естеліктер, мақалалар және құжаттар келтірілді.

Біздің бүгінгі Бағаналы-Балталы елін, оның ішінде Жылкелді руын өлкетанулық тұрғыда зерттеудегі мақсатымыз Найман елінен бөліп алу емес, қайта әр қазақтың ру-тайпаларының тарихын жазу процесіне өзіміздің кішігірім үлесімізді қосу деп түсінген жөн. Әр тайпа, әр ру қазақтың қырықтан астам ру-тайпаларының шежіресін, одан әрі тарихын жазып шығарса, күллі қазақтың тарихы дерекке байып, пікір-таластың қарама-қайшылықтары бір тұжырымға келіп, мәдени және рухани мұрамыз бай да, үлкен көлемді де болып, болашақ ұрпаққа аманат болары сөзсіз. Кейін сол ру-тайпалардың қаныққанды тарихын, біз өшірілуге сәл қалған тарихымызды қайтадан жандандыруға мол мүмкіндік аламыз. Сонымен, Қазақ елі ұзағынан өз мәдени рухын асқақтатады.

Күллі ағайын, әсіресе жастар, оқып таныссын деген ниетпен жазылған бұл кітап, Қазақ елі руларының бірі, Бағаналы Найманның баласы, Жылкелді бабамыздың ұрпақтарын біріктіріп, бір-біріне деген бауырмаушылығын артар деген ойдамыз.

ЖЫЛКЕЛДІ РУЫНЫҢ ТАРИХЫ

Бағаналы Орда, басты Орда.

Байсал Орда қонған жұрт…

Бұқар жырау. 1 1 Бес ғасыр жырлайды. Алматы, 1989, 82-бет.

Аллаһ Адамды жаратты, кейін оның қабырғасынан Хауа ананы жаратты. Екеуін Жұмаққа орналастырып, талда өсіп тұрған жемісті «алма» деп атап, сенімсіздердің қатарынан көрінбеу үшін, оған таянуға тиым салды. Бірақ, сайтан келіп алманы алып жеуге азғырды. Сол үшін Адам Алланың ашуына тап болды. 2 2 Бұқара сүресі, 33 (35) аят. «Болашақ ұрпақтарың бір-біріне қас болып, Ақырет күніне дейін жер бетіне орналассын» – деп үкім етеді.

Сол күндерден бастап Аллаһ Адам мен Хауа үшін алты күнде, мамық болсын деп жеті қабатты жерді және ғимарат болсын деп жеті қабатты аспанды жаратты. Адам баласы көбейіп, бірі Аллаға сеніп, бірі сенбей әлі күнге дейін бір-бірімен қырқысып, жауласып келеді. Аллаһ жерге өз сөзін жеткізу үшін 120 мыңнан астам пайғамбар жіберді. Солардың бірі – Нұһ пайғамбардың кезінде, Аллаһ сенімсіздерді топан суға батырып, жерден аластап, Адам баласының тарихындағы жаңа кезеңге жол ашты.

Ол кезең туралы Әбілғазы баһадүр өзінің «Түрк шежіресінде» былай тарқатады: «…Кемеден жерге түскендердің бәрі ауырып қалады. Нұһ пайғамбар, оның үш ұлы мен үш келіні жазылып, қалғандары өледі. Содан кейін Нұһ үш баласын үш жаққа жібереді. Хам есімді баласын ол Хиндустанға, Самды – Иранға, ал Яфесті – теріскейге қарай аттандырады.» 3 3 Абу-л-Гази. Родословная туркмен. АН СССР, М. 1958.

Яфес әкесінің жұртынан жолға шығып, Еділ мен Жайықтың жағасына жетіп, сол жерде 250 жыл өмір сүріп өледі. Одан сегіз ұл бала тарайды. Олардың есімдері: Түрк, Хазар, Сақлаб, Рус, Минг, Шын, Кемер, Тарық. Өлер алдында Яфес балаларына:

– Түркті өздеріңнің патшаларың деп санаңдар және оған бағыныңдар, – деп аманат етеді.

Әбілғазының жазуы бойынша Түркте төрт ұл болған екен: Түтек, Жекел (Жақал), Берсежар, Емлақ. «Өлер алдында Түрк патша қылып Түтекті таққа отырғызып кетеді. Түтек ақылды және кемеңгер патша болды. Ол Иран падишаһы Кеюмерстің замандасы еді. Бір күні аңға шығып, жабайы ешкіні атып алып, кебап пісіріп, оны жеп отырғанда, еттің бір бөлігі жерге түсіп кетеді. Жерге түскен етті көтеріп, аузына салса, ет өте дәмді болып сезіледі. Сөйтсе, ол жер тұзды екен. Сол кезден бастап Түтек етке тұз қосуды бұйырады.

Түтек өлер алдында таққа ұлын Абұлжа қанды отырғызып, «барса келмеске» кетеді. Абұлжа елді көп жыл басқарып, орнына Бақүй Діп қанды отырғызады. Бақүй әлсірегенде, таққа Алынша (Алаша) қанды қояды. Алынша қанның уалаяттары мен ел ұлыстары көбейіп көркейіп, күшті ел болады. Оның екі егіз ұлдары болады: біріншісі – Татар, екіншісі – Моғұл. Алынша қан қартайғанда өзінің жұртын екіге бөліп, екі ұлының еншісіне береді.

Моғұл қанда төрт ұл болады: үлкені – Қара қан, екіншісі – Гүр қан, үшіншісі – Қыр қан, төртіншісі – Ұр қан. Моғұл қан билік тізгінін Қара қанға беріп, өзі мәңгілікке аттанады. Қара қан Ортақ пен Кертақты жайлаған. Бүгін ол тауларды Ұлытау және Кішітау деп атайды. Қысты ол Сыр бойында, Қарақұмда және Борсықта өткізген». 4 4 Абу-л-Гази. Родословная туркмен. АН СССР, М. 1958. Кейін Қара қаннан Оғыз туады. Оғыз қанның кезінде Ұйғыр, Қанлы, Қыпшақ, Қарлық, Қалаш, т.б. тайпалар қалыптасады.

Әбілғазының жылнамасына сілтеме жасап отырсақ, Жылкелді бабамыздың шыққан тегі – Найман елі қайдан шыққаны туралы мәліметтерді біз таба алмаймыз. Наймандар Татардан тарады ма, Моғұлдан тарады ма – бемәлім.

Көптеген зерттеушілер наймандарды Алтайдан Орхон өзеніне дейін б. з. д. ІІІ ғ. – б. з. ІІІ ғ. уақыт аралығында көшіп жүрген күнділердің (ғұндардың) ұрпақтарына жатқызады. ІІІ-V ғасырлары Ұлы даланы шөл басып, күнділердің конфедерациясы екіге бөлінді. Бірі Қытайға, екіншілері батысқа аттанып, көптеген елдердің Ұлы көшін бастайды.

VI ғасырда Түрк қаһанаты орнығып жатқан кезде наймандардың бабалары Телес (Теглек) бірлестігінің құрамына енді. VII-Х ғасырлары бабаларымыз Сегіз оғуш (Сегіз байырқу) атты одақ құрып, Найман қандығының мемлекеттілік негізі қалана бастады.

Сегіз оғыз термині соңғы кезде тарихшылардың арасында кең талқыланып кетті. Қай еңбектерде екенін іздеп тізіп уақытымызды жоғалтпай-ақ, біз «сегіз оғыз» бен «найман» этнонимдері бір елді атайтынын нақты шегелеп қоюымыз қажет. Оның дәлелін Ғ. Айдаровтың «Арқон-Енісей және көне ұйғыр жазба ескерткіштерінің тілі» атты еңбегінен табамыз. Бұл кітапта көне түрк жазбасы толық сарапталып, тарихи оқиғалардың мағынасын ашатын сөздері қазақ тіліне аударылған. Соның ішінде «Секіз-сегіз», «Оғузғару-оғызға», «Оғушым-менің тайпам», «Оғуш-тайпа» терминдері келтіріледі. Соған қарағанда бүгінгі біз айтып, жазып жүрген Сегіз Оғызымыз «Секіз Оғуш», немесе қарақытайша «Найман» болып шыға келеді.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Мұхтар Бақытұлы читать все книги автора по порядку

Мұхтар Бақытұлы - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Мақалалар жинағы отзывы


Отзывы читателей о книге Мақалалар жинағы, автор: Мұхтар Бақытұлы. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x