Мұхтар Бақытұлы - Мақалалар жинағы

Тут можно читать онлайн Мұхтар Бақытұлы - Мақалалар жинағы - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: История. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.
  • Название:
    Мақалалар жинағы
  • Автор:
  • Жанр:
  • Издательство:
    неизвестно
  • Год:
    неизвестен
  • ISBN:
    9785005104557
  • Рейтинг:
    4/5. Голосов: 11
  • Избранное:
    Добавить в избранное
  • Отзывы:
  • Ваша оценка:
    • 80
    • 1
    • 2
    • 3
    • 4
    • 5

Мұхтар Бақытұлы - Мақалалар жинағы краткое содержание

Мақалалар жинағы - описание и краткое содержание, автор Мұхтар Бақытұлы, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Кітапта автордың әр-түрлі тақырыпта өлкетанушылық бағытта жарыққа шығарған мақалалары жинақталған. Кітап Ұлытау өлкесінің тарихын білгісі келген оқырманға арналады.

Мақалалар жинағы - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Мақалалар жинағы - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Мұхтар Бақытұлы
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Әйелім жас кезінде,

Әбден кәрі шағымда,

Таян туып, ұл сүйдім,

Тәңір берген бағында.

Тал шыбықтай денелі,

Өңшең мына тобырға,

Өткізер ме екен бұйрығын, —

деп отырушы еді. Енді міне:

Қара ит арсылдап үретін болды,

Қара кемпір Гүрбесү билейтін болды.

Тақта отырған Таян-ау,

Тұрлаусыз ісің аян-ау!

Аң аулаудан басқаны сүймейсің,

Ғылымнан хабар да білмейсің».

Сабырықтың сол өткір сөздері Таян қанның намысына тиіп, өзінің беделін көрсетпек болып, «күншығыстағы аз моңғол қыр көрсететінді шығарды, енді соларды иеленіп алайқ» деп Темүжінге соғыс жария етеді. Оның үстіне Гүрбесу шешей «сасық моңғолды қайтесін? Оданда тек сұлу қыз-қатындарын әкеліп, қол-аяғыңды жуғызып, қой мен сиыр сауғызсақ болар» деп қоздырып жібереді. Сол кезде, моңғолдардың күштілігін көрген Сабырық батыр: «Сіздер тым астам сөйлеп тұрсыздар » деп бәйек болса да Таян қан оны тындамай, оңқұт аймағының Алақұсқа елші аттандырып, «моңғолдарға бірге шабайық» дейді. Бірақ, әлгі «мен сенің оң қолың бола алмаймын» деп, Темүжінге соғыс туралы хабар жібереді.

Темүжін кеңес құрып ақылдасқанда, Белгітей ноян:

Тірлік бізге не керек,

Тәуекелден айнысақ?

Тірі жүріп не керек,

Туған жерден айрылсақ?

Қорамсақты жастанып,

Қан ғып ұстап садақты,

Қу толағай бастанып,

Құмға батсақ – сол жақсы.

Кешегі кекті наймандар,

«Кең де байтақ жерім бар,

Құжынаған жылқым бар,

Барып ойран салам» деп,

Батыл айтқан сөзі бар.

Қапелімде қамдансақ,

Қаптап барсақ тездетіп,

Қиын емес қармансақ,

Қапыда басып телімдеу.

Естідік сұмдық хабарды,

Егеудей тиген намысқа,

Шыдап қайтіп тұрайық,

Шығайық тұтас соғысқа, – дейді.» 11 11 М.Қ.Ш. 117-бет.

Осы мәліметтерге сүйене отырып, біз Найман елінің тарихында Сабырық батырдың орны ерекше екенін көреміз.

Наймандармен көршілес тұрған Керей елінің Тұғырыл (Уан) қаны бүгінгі Моңғолияны жайлаған тайпаларының бірігуіне, олардың күшеюіне зор ықпал етті. Кезінде Есүкей баһадүр Меркіттің Шіледуінен Темүжіннің шешесі Уәлінді тартып алып кеткен еді. Сол кекті қайтару үшін Меркіттің Удуит, Убас, Қады рулары Темүжіннің ауылына шабуыл жасап, қалындығы Бөрте-үжінді алып кетеді. Темүжіннің өзі ағайындыларымен Бұрхан Қалдұн тауына қашып кетеді де, кейін әкесінің досы Тұғырылға барып көмек сұрайды. Соңғысы оның бетін қайтармайды. Тіпті өзінің одақтасы Жалайырдың қаны Жамұқаға адам жіберіп, меркіттермен бірге соғысуға келісім жасасады. Осылай Темүжіннің саяси биіктікке өрлеу басталады.

Тайпаларды біріктіріп, өзінің кешегі одақтастары Тұғырыл мен Жамұқа қандарды жойып, олардың елдерін өз қарамағына алған Темүжін, басты қарсыласы Найман қандығымен соғысуға бел буады. Оған себеп болғаны Жамұқа мен Темүжін соғысып жүргенде Найманның Бұйрық қаны Жамұқамен одақтас болған еді.

Сол тышқан жылы (1204 ж.) екі жақ соғысып, Таян қан ауыр жарақат алып өледі. Темүжін Найман еліне Алтай алқабында ойран соққы беріп, оларды тұтас бодан етеді. Таянның ұлы Күшлік қан қашып құтылып, Бұйрық ағасына барып қосылады.

1208 жылы Шыңғыс қаһан Найман мен Меркіт одақтасты әскерін жеңіп, қалған Найман елін бодан қылады. Елін тастап Алтайдан асқан Күшлік шамалы наймандар мен меркіттерді бастап Ертістен өткенде , «мұз ойылып, көбі суға кетіп өледі. Найман мен меркіттердің шағын адамы Ертістен өтіп, безіп кетеді. Найманның Күшлік қаны Ұйғырдың Қарлұғын басып, Сартауыл жерінің Шүй өзеніндегі қара қытайдың Гүр қанына барып паналайды» . 12 12 МҚШ, 128-бет.

Жетісуға қашқан Күшлік Қарақытайдың Гүр қанын паналап, кейін төңкеріс ұйымдастырып, Жетісудағы билікті өз тізгініне алады. Бірақ, бұл оқиғаны төңкеріс деп айтуға да келмейді, өйткені Гүр қан билікті өзі беруге мәжбүр болды. Хорезмның шахы Мұхаммет 1210 жылы Талас өзенінің жағасында Гүр қанның әскерін тас-талқан етіп, қарақытайлар шығысқа қарай қашады. Жолай өз елін тонап, олар бүлік шығарған Баласағұнды алуға бел буады. Ал қала тұрғындары есігін жауып алып, тонаушыларды кіргізбей қояды. Сол кезді пайдаланып Күшлік Қарақытай мемлекетінің қазынасын өз қолына алып, Баласағұнға келгенде, Гүр қан оның билігін мойындайды. Күшлік өз астанасын Қашқар қаласына орналастырады.

Шыңғыс қаһан, Күшліктің қол астындағы наймандардың күшейгені өз еліне қосылған наймандарға саяси әсерін тигізер деп, Күшлікке қарсы Жебе ноянды жібереді. Оның жорығы сәтті аяқталып, Күшлік Алай тауларының маңындағы Сары Көл деген жерде өлтіріліп, қалған наймандар Алтайға қайтарылады. Алайда, қалған Күшліктің сенімді адамдары Қырғыз еліне сіңіп кетеді.

Найман еліне, оның ішінде Бағаналы-Балталы қауымына қатысты тарихи тұлғалардың бірі – Кетбұқа. Жаужүректі қолбасшы, Шыңғыс қаһанның сенімді мыңқол 13 13 Мыңқол, мыңбасы, мыңбегі – ертедегі түрк-моңғол әскерлерінің бір мың жауынгерлік бөлімінің қолбасшысы. Мағынасы түркше – бек, моңғолша – ноян, арабша – әмір лауазымдары беріліп, әскери билікпен бірге уәлаяттар мен үлестердегі әкімшілік билікке тағайындалған. Мыңдық әскер қолын бір немесе одан да көп туыстас рулардың сарбаздары құраған. Әскери тәртіп қатан жазалау тәжірибесімен нығайтылған. Мысалы, Шыңғыс қаһанның «Жасағында» әскерге қатысты айтылған баптары бойынша шайқас кезінде бір адам қашатын болса, оның онын, оны қашқанда – жүзін, ал жүзі қашса түгел мыңқолды жазалау тәртібі орнатылған. Он мыңқол бір түменді, яғни 10000 жауынгерді құраған. нояндарының бірі, Жошы қанның тірегі, оның балаларының аталығы болған бабамыз әлі де толық зерттеліп болмаған тарихи тұлға. Бабамыз туралы біз айқындалған, тарихнамада белгілі мәлімет тұстарын осы кітапқа келтіргенді жөн көрдік.

Бүгінгі күні анықталып отырған деректерге қарасақ Кеті есімді тарихи тұлға ең бірінші рет «Моңғолдың құпия шежіресінде» кездеседі. Темүжін Найман елін бодан қылып, 1206 жылы оларды өз әскер құрамына еңгізгеннен кейін, жасақты жүздік-мыңдық тәртіппен ру-тайпалық сапты бұзбай 95 мыңдық әскерін құрайды. Сол 95 мыңқол нояндардың 51-шісі болып Кеті көрсетілген. «Моңғолдың құпия шежіресіндегі» Кеті біздің Кетбұқа бабамыз екеніне күмән жоқ. Оның дәлелін төменде келтіреміз.

Кетбұқа шамамен 1180-жылдары Найман қандығында дүниеге келген болу керек. Тарихи деректерде бабамыз жырау, күйші, аңыз кейіпкер, Шыңғыс қаһанның әскери мыңдық нояны болып көрсетілген. Кейбір шығармаларға қарасақ, бабамызды көне дәуірдегі қазақ әдебиетінің негізін қалаушы деп те жазып жатады.

Кетбұқа туралы тарихи жазбалар «Моңғолдың құпия шежіресі», «Алтын шежіре», Рашит ад-Диннің «Жылнама жинағы» секілді еңбектерде кездеседі. ХХ ғасырдағы тарихнамада өз еңбектерінде тарихтағы Кетбұқаның рөліне көп көңіл бөлген жарықтық евразист-түрктанушы, пассионарлық теориясының түп атасы, тарихи георафия пәнінің негізін қалаушы Лев Гумилев.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Мұхтар Бақытұлы читать все книги автора по порядку

Мұхтар Бақытұлы - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Мақалалар жинағы отзывы


Отзывы читателей о книге Мақалалар жинағы, автор: Мұхтар Бақытұлы. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x