Мұхтар Бақытұлы - Мақалалар жинағы

Тут можно читать онлайн Мұхтар Бақытұлы - Мақалалар жинағы - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: История. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.
  • Название:
    Мақалалар жинағы
  • Автор:
  • Жанр:
  • Издательство:
    неизвестно
  • Год:
    неизвестен
  • ISBN:
    9785005104557
  • Рейтинг:
    4/5. Голосов: 11
  • Избранное:
    Добавить в избранное
  • Отзывы:
  • Ваша оценка:
    • 80
    • 1
    • 2
    • 3
    • 4
    • 5

Мұхтар Бақытұлы - Мақалалар жинағы краткое содержание

Мақалалар жинағы - описание и краткое содержание, автор Мұхтар Бақытұлы, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Кітапта автордың әр-түрлі тақырыпта өлкетанушылық бағытта жарыққа шығарған мақалалары жинақталған. Кітап Ұлытау өлкесінің тарихын білгісі келген оқырманға арналады.

Мақалалар жинағы - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Мақалалар жинағы - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Мұхтар Бақытұлы
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Секіз Оғуш тайпалар одағының Түрк қағанатындағы орнын С. Қаржаубай жасаған кестесінен 5 5 Қазақ ру-тайпаларының тарихы. «Алаш» ТЗО, 2008. 216-бет. көреміз. (Фотода). ІХ-ХІІ ғасырлардан сақталған «Қидан деректері» (Ляушы) мен «Алтын патшалығының деректерінде» наймандар «жаңбақ» деп аталады. Найман деп қидандар Алтайдан аққан сегіз өзеннің бойын жайлаған «сегіз оғуш» тайпаларын атап, сол тайпалар туралы жан-жаққа хабарды Найман атымен таратқан. Кейін сол этноним «сегіз оғуштың» өзіне тән болып тарады.

Бірақ, бұл тұжырым бойынша оғыздардың наймандарға қатысы жоқ деп кесіп айтуға болмайды. Өйткені, ғасырға ғасыр аққан сайын киіз туырлы тайпалар жер алшақтығына қарамастан санада өздерін бір ел болып сезінген. Қазіргі Монғолия мен Қазақ даласы орта ғасырларда бір-бірін ел жұртпен толтырып, құда-жегжаттық жасап, соғыс жылдары кезінде жеңілген жақтың билігі мен аристократиясын қуып жіберіп, елін бодан қылып өз құрамына қосып, тағы басқа алма-кезек жағдайларда тарихи және саяси процесстерде қайнап-пісіп өмірді жалғастырған.

Мақалалар жинағы - фото 1 Мақалалар жинағы - фото 2 Мақалалар жинағы - фото 3 Оғыздардың Найманға қатысы бар екенін Әлкей Марғұланның еңбектерінен табуға - фото 4 Оғыздардың Найманға қатысы бар екенін Әлкей Марғұланның еңбектерінен табуға - фото 5

Оғыздардың Найманға қатысы бар екенін Әлкей Марғұланның еңбектерінен табуға болады. 2011 жылы шыққан «Шығармаларында» Әлкей Хақанұлы Ұлытаудағы жергілікті халықтың айтып берген аңызын былай деп тұжырымдайды: «Домбауыл (Добұн – автор) атақты мерген, ақын және күйші болған. Ұлытаудың батыс жағында оның сарай-қорғаны сақталған (Домбағұл сарайы – автор) . Ол Қият руының ел басшысы ретінде халықтың есінде сақталған. Қияттар – күнділердің (ғұндардың) ұрпақтары. Олар Қыпшақ, Қоңырат, Алшын, Арғын және тағы басқасы Алтайдағы қиын жетерлік Ерге-Қон деген жерде тұрақтаған. Кейін олар Орталық Қазақстанды жайлап алды. VI – VII ғасырлары Домбауыл жерленген жерде дың мавзолейі тұрғызылды» 6 6 Марғұлан Ә. Шығармалар жинағы. 8-том, 2011. .

Әлкей Марғұланның бұл сөздерінің дәлелін Қалибек Данияров келтіреді: «В эпосе „Огыз каган“, хранящемся в Париже в национальной библиотеке и переведенном К. Омиргалиевым, говорится о киятах. В эпосе род Кият берет свое начало от легендарного Домбаула» 7 7 К. Данияров. Альтернативная история Казахстана. Алматы: «Жибек жолы», 1998. 153-бет.

Осы екі пікірді тұжырымдай отырып, «Моңғолдың құпия шежіресінде» бейнеленген Шыңғыс қаһанның бабасы Добұн-мергенмен Домбауыл бір кісі болғанына сәйкес келетіндігін атап өткен жөн. Олай болса, қияттар VI -VIII ғасырлары пешенектердің, немесе VIII – XI ғасырлары оғыздардың құрамында, тіпті билік басында болғанына күмән жоқ.

Тарихи логика бойынша III – IV ғасырлары орын алған Ұлы шөл дала елдерін дүрліктіріп, Ұлы көш жүрді. Жетісуды ептеп еңгеріп алған күнділер батысқа қарай жылжып, жолдағы елдерді бірін құрамына қосып, бірін қоныстанған жерлерінен қуып, қалғанын қырғынға ұшыратқан. Орталық Қазақстанда, оның ішінде Ұлытау өңірінде күнділерден қалған археологиялық ескерткіштер жоқ десек қателеспейміз. Өйткені екі ғасыр бойы тұрған Ұлы шөлдің кесірінен далада өмір сүру мүмкін емес еді: жауын-шашын қыста да, жазда да сирек түсіп, жер құрғап, бұлақтар жойылып, өзеңдер тартылып, оған қоса қыста құрғақ аяз тұрып, жазда ыстық шөл басып, дала өмірі тоқтады.

V ғасырдан бастап табиғи жағдай қалпына келе бастап, Ұлы дала құлпырып, Сібір тоғайларында, Алтай-Тарбағатай тауларында жан сақтаған ел-жұрт қайтадан қоныстарын жайлап, мал санын көбейтті. Мал көбейген сайын, ұрпақ өсті. Ру-тайпалар іріленіп, жер мәселесі ушыға берді. Сол кезде 552 жылы Бумын бастаған Түрк елі бір тудың астына бірігіп Түрк қаһандығын құрды. Жаңа ірі киіз туырлы мемлекеттің құрамында Алтай тілді тайпалармен қоса батысқа кеткен күнділерден қалып қойған тайпалар кірген. Олардың ішінде қияттар да бар.

555 жылы түрк әскері батысқа қарай жылжыды. Сол ғасырдың 70-ші жылдары Түрк қаһанаты Қара теңіздің солтүстік жағалауына дейін созылып, сауда жүретін керуен жолдарын толық өз бақылауына алды. Осы жорықтар кезінде бүгінгі қазақ жерінде Орталық Азиялық тайпаларының ірі миграциясы орын алып, Түрк мәдениеті өз орнын нығайтып, тамырын терең жайды. Батыс қаһандық «он оқ бүтін» болып бірікті. Осы уақыттан XIII ғасырға дейін Түрк қаһанаттарының заманы орын алды. Шамамен, сол бірлікке қайлар (қиялар, қияттар) да кірген және Ұлытау әңірін билеген.

X ғасырда келесі Ұлы шөл өз еңшесіне енді. Бүгінгі Қазақ даласында VIII ғасырдан бастап алпауытты мемлекет орнықтырған оғыздардың дәулетті ғұмыры өзінің шегіне жетті. Табиғи қолайсыздық күллі тайпаларды өз қоныстарынан қозғап, жан-жаққа бытыратып көшуге мәжбүр етті. Тайпалар конфедерециясының билік басында отырған Қай (Қия) руы оғыздарды үшке бөліп, бірі батыстағы қаңғар-пешенек одағының құрамына, екіншілері бүгінгі Түркменстан мен Иранға, кейін ары қарай Кіші Азияға, үшіншілері Алтай асып, бүгінгі Моңғолияның солтүстігіндегі тоғайларға тығылып, жан сақтайды. ХІІ ғасырда сол қиялар (қияттар) күшейіп, одақ құрып, арасынан тарихи сахнаға Есүкей батырдың Темүжіні шығады.

Х-ХІ ғасырлар кезінде Алтай таулары күрестің орталығына айналды. Ол күресте Найман, Керей және Жалайыр тайпалары жеңіп, сол мекенде біріккен қаһандық құрды. Л. Гумилев, Рашид ад-Дин, т.б. айтулары бойынша Найман мен Керей елдері 1007 жылы несториандық ағымдағы христиан дінін қабылдады. Наймандардың жайлаулары Орқон өзенінің жоғары жағынан Қара Ертіске дейін созылған.

Тарихтың сол кезеңінде Найман қаһандығының үстемдігі туралы хабарлар Европа елдеріне дейін жеткенін ортағасырлық жылнамалардан байқауға болады. Сол деректерді сараптай отырып Лев Гумилев өзінің «Қиял патшалығын іздеу» атты кітабында, европалықтардың шығыстағы «Иоанн патшалығына» жоспарланып отырған крест жорықтарында үлкен үміт артықанын жазады.

Европалық католиктерге келген хабар бойынша шығыста Иоанн патшалығы бар, олар христиан дінін қабылдаған, сондықтан олар шығыстан, ал европалықтар батыстан мұсылмандарға соққы берсе, Иерусәлімдегі «Құдай табытын» мұсылмандардан азат ететін едік деген мәлімеге келеді. Сондағы Иоанн патшалығы – Алтайдағы Инаншы қаһан басқарып отырған Найман қаһандығы екен. Сол жолы наймандар мен католиктердің бірікпеуіне Аллаһ нәсіп етіп, келесі Кетбұқа мен Құлағу ұйымдастырған жорықтарда да екі жақтың одақтасуына сәті түспеді.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Мұхтар Бақытұлы читать все книги автора по порядку

Мұхтар Бақытұлы - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Мақалалар жинағы отзывы


Отзывы читателей о книге Мақалалар жинағы, автор: Мұхтар Бақытұлы. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x