Мұхтар Бақытұлы - Мақалалар жинағы
- Название:Мақалалар жинағы
- Автор:
- Жанр:
- Издательство:неизвестно
- Год:неизвестен
- ISBN:9785005104557
- Рейтинг:
- Избранное:Добавить в избранное
-
Отзывы:
-
Ваша оценка:
Мұхтар Бақытұлы - Мақалалар жинағы краткое содержание
Мақалалар жинағы - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок
Интервал:
Закладка:
Найман елі туралы тарихи деректер Шыңғыс қаһан құрған мемлекетінің тарихы айласында көп кездеседі. Ең алғашқыларының бірі 1240 жылы жазылған «Моңғол құпия шежіресі» болып табылады. Бұл кітапта біз Найман еліне қатысты құнды мәліметтер кездестіреміз.
XII ғасырдың екінші жартысында, қазіргі Монғолияны жайлаған көшпенді 8 8 Көшпенділік – ерте темір дәуірінде б. з. д. VIII – III ғғ. жердің шөлейт аймақтарында (Аридная зона) пайда болған мал шаруашылығына байланысты дамыған адамдардың шашыраңқы тұрмыс-тіршілігінің түрі. Көшпенділер Моңғолия, Қазақстан, Иран, Аравия, Солтүстік Африка және Орталық Американы мекендеген. К. жыл мерзіміне байланысты мекен-жайларды қоныстанған, ру-тайпалық одақтардан құралған. Қазақ жерінде к.-ің үш түрі дамыған: біріншісі-Батыс Қазақстандағы меридианалды және көлденең бағыттағы 500—600 км-ге созылатын көшу маршруттары. Қыста Маңқыстауда қыстап, жазда меридиан бағыты Орал тауларының оңтүстік-шығысына дейін жетіп қайтадан оралса, көлденең бағыты саяси жағдайға байланысты Еділдің оң жағалауын жайлаған; екіншісі – Орталық Қазақстандағы меридиан бағыттағы 800—1000 км-ге дейін созылатын маршрут. Қыстақтары Сырдария, Талас және Шу өзендерінің аралығындағы Қарақұм, Мойынқұм, Бетпақдала шөлейіт, қар мөлшері аз аймақтарында орналасқан. Жазда Сарысу өзенінің бойымен жүре отыра, Ұлытаудан Бұғылыға дейін созылған Сарыарқа жерін жайлап, Батыс Сібірге дейін жеткен; үшіншісі – Жетісудағы 150—200 км-ге созылатын жартылай көшпелі түрі. Оның ерекшелігі – жазда тау басындағы жайлауларға көтеріліп, қыста Балқашқа дейін созылған шөл даласын мекен еткен. Қазақ даласында өмір сүрген көшпенділердің өсірген малдың басым түрі-жылқы мен қой. Көшпенділердің тұрмыс-тіршілігі, әдеп-ғұрпы және материалды құндылықтары мал шаруашығымен тікелей байланысты болды.
тайпалар бытыраңқы болып, бір-бірімен жер үшін қырқысып жүргенде, Найман қаһандығы Алтай аумағындағы ең беделді, ірі және қуатты мемлекет болды. Қаһандықтың астанасы Балық қаласында орналасқан. Қаһанның ордасында ұйғыр жазуы қолданылып, мемлекеттік істер қағазға түсіріліп отырғаны туралы Қытай деректері мен «Моңғол құпия шежіресі» айтады.
«Таян қан елінің бір адамы тұра қашады. Қасар оны «тірі ұстап әкел» деген соң, Баты қуып жетіп, тірідей ұстап әкеледі. Байқаса, қойынында мөр (таңба) бар екен. «Сендердің тайпаларыңның бәрі (әскерлеріңнің барлығы) бізге қарағанда, сен мынаны қойныңа тығып алып қайда бармақсың?» – дейді. Сонда ол: «Мен шыбын жаным шыққанша бұйрықты орындауға тиіспін. Мына мөрді бұрынғы иесіне табыс етейін деп едім. Бақытсыздықтан ұсталдым», – дегенде, Қасар: «Өзің қай русың? Қандай мансабың бар еді? "– деп сұрайды. Сонда ол:" Менің ататегім ұйғыр еді. Есімім – Тататұңға. Менің қожайыным бұл мөрді маған өткеріп, азық – түлік жинау және оны жұмсау ісін маған міндеттеген-ді» – дейді. Қасар тағы да: «Бұл мөрді неменеге керектенуші еді? "– деп сұрағанда, ол: «Абзал адамды сайлап, жарлық шығару тәрізді әр түрлі іске пайдаланады», – дейді. Оның жауабына разы болған Қасар» нағыз адал адам екен» деп Темүжінге таныстырып, нендей бір хат-қағаз жүргізгенде қолдану үшін әлгі мөрді қайтадан Тататұңғаға береді. Қасар Тататұңғаны ұстаз тұтып, хат-қалам, заң-ереже, әскери саясат қатарлы сабақ үйреткізіп, көп кешікпей өзі біліп алады.» 9 9 Моңғолдың құпия шежіресі. 2009. 126-бет.
Найман қаһандығының шығыс жағында сол кезде айтарлықтай қозғалыстар орын алды. Есүкей баһадүрдің Темүжіні айналасына Барулас, Маңғыт, Арулат, Ұранқай, Бесуыт, Сүлдіс, Жалайыр, Олқұноуыт, Торлыс, Дүрбөт, Икіріс, Найықын, Ораңар, Бәрін, т.б. тайпаларының нойондарын біріктіріп, қарақорым ел жасақтай бастады. Сол кезден-ақ Найман елінің болашақ қарсыласы айқындалды.
Мұхаметжан Тынышбаевтың жазуы бойынша, 1190 жылы Найманның Білге қаны қайтыс болған соң, одан қалған өгей шешелері үшін таласқан Бұйрық және Бәйбек деген балалары ұрысып, қандықты екіге қақ айырады. Найман елінде орын алған саяси күйзеліс кезінде Бұйрық қанның Жамұқаның тобына қосылғаны туралы «Моңғолдың құпия шежіресі» былай деп жазады: «141. Бұдан кейін, тауық жылы (1201 жыл) Қатаған-салжуыт қостаған, Бақу-шорық бастаған қатағандар, Шіркітай батыр бастаған салжуыттыр, төрт татармен достасқан Қашуын бек бастаған дөрбіндер, Алшы Жали бұқа бастаған татарлар, Түгемақы бастаған екірістер, Қоныраттың Теркік, Емел алхұйлері, Ақ Шойық бастаған горлыстар, Найманның Гүшіті мен Бұйрық қаны, Меркіттің Тоқта бегі, тайшуыттардың Тарғұдай қырылдағы, Қодун оршаны, Аушу батырлары және басқа тайшуыттар Алқұй бұлақ деген жерге жиналып, Жажірадай әулетінің Жамұқасын қан қоюды сөйлесіп, айғыр-биелер сойып, ант етіп, Ергіне өзеніне қарай көшіп, Ергіне құятын Қан дариясының қабағында Жамұқаны гүр қан болғызып, ұлық тұтады. Жамұқаны қан етіп, Шыңғыс қаһан мен Уаң қанға соғысқа аттанайық деседі.» 10 10 М.Қ.Ш., 2009. 73-бет.
Сол кезде шығыстан Темүжін мен Уан қан (Тоғырыл) екеуі Найман еліне соғыс жариялап, екі жақ Күйтін деген жерде соғысады. Сол шайқаста Бұйрық қан өзі білетін жай түсіру әдісін қолданады. Бірақ, оның шақырған мол жауын өздерінің қимылдауына кедергі жасап, «бізге Тәңір қаһарын төкті» деп, жан-жаққа қашады.
Бұйрық қан одақтастарынан бөлініп, «Алтайдың күнгей бетіндегі Ұлықтақ (Ұлытау) деген жерге қарай беттейді». Қытай деректерінде Тай-Ванга есіммен белгілі Байбек Қанғай тауының бауырында 1204 жылы соғыста қаза болады. Оның ұлы Күшлік Алтай асып кеткен Бұйрық ағасына келіп қосылады. 1206 жылы Тарбағатайдың шығыс жағында орын алған шешуші шайқаста Бұйрық қан қаза болып, Күшлік Ертіске қашады.
Қызылбас көлінің жағасында Бұйрық қанды жеңіп қайтып келе жатқан кезде, Темүжіннің әскері Найманның Көксеу Сабырық батырына тап болады. Ол Бәйдірік өзенінің бойында әскерін сапқа тұрғызып соғыспақ болып дайын тұр екен. Күн кеш болып қалғанның салдарынан екі жақ шайқасты таң атқанда бастамақ болып келіседі. Сол түні Темүжінге еріп жүрген одақтасы Керейдің Уаң қаны «түскен жеріне көп от жағып қойып, Қарасуіл өзенін ерлеп кетіп қалыпты».
Темүжін Сабырық батырға қарсы шығуға бата алмай Адыр Алтайдың құйғанынан өтіп, Сарыгер деген жерге барып түседі. Ал, Сабырық Уаң қанның артынан қуып отырып, Телетінің ауызы деген жерде соғысып, халқы мен мал-мүлкісінің жартысын тартып алады.
Көксеу Сабырық батыр Таян қанның ордасындағы беделді кісілердің бірі болғанын «Моңғолдың құпия шежіресінен» білуге болады. Таян қан мен Гүрбесі өгей шешесі Уаң қанның басын алдыртып «сыйынып, бас иіп жүргенде, әлгі бас «күлді» деп Таян қан ыза болып, аяққа басқызып, быт-шыт етеді» . Сол кезде Сабырық батыр: «Өлген қанның басын кесіп әкеліп, быт-шыт қып тастауға бола ма? Біздің итіміз жаман ұлып үретін болды. Ертеде Инаншы Білге қан:
Читать дальшеИнтервал:
Закладка: