Мұхтар Бақытұлы - Мақалалар жинағы

Тут можно читать онлайн Мұхтар Бақытұлы - Мақалалар жинағы - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: История. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.
  • Название:
    Мақалалар жинағы
  • Автор:
  • Жанр:
  • Издательство:
    неизвестно
  • Год:
    неизвестен
  • ISBN:
    9785005104557
  • Рейтинг:
    4/5. Голосов: 11
  • Избранное:
    Добавить в избранное
  • Отзывы:
  • Ваша оценка:
    • 80
    • 1
    • 2
    • 3
    • 4
    • 5

Мұхтар Бақытұлы - Мақалалар жинағы краткое содержание

Мақалалар жинағы - описание и краткое содержание, автор Мұхтар Бақытұлы, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Кітапта автордың әр-түрлі тақырыпта өлкетанушылық бағытта жарыққа шығарған мақалалары жинақталған. Кітап Ұлытау өлкесінің тарихын білгісі келген оқырманға арналады.

Мақалалар жинағы - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Мақалалар жинағы - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Мұхтар Бақытұлы
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

1582 жылы Тәуекел сұлтан мен өзбек қаны Абдоллаһ ІІ бұлғақ 20 20 Бұлғақ – бүлікші. Баба сұлтанға қарсы ұйымдастырған Ұлытау жорығында сұлтан мен оны қолдаған найман аталық Жанмұхаммет биді өлтіреді. Осы мәліметтердің бәрін сараптай отырып, біз наймандардың өңірлерді ғана емес, қан билігіне де зор ықпал еткенін, тіпті оларға өз айтқан сөзін орындатқанын көреміз.

Билер елді билеп, аталықтар қанзадаларға ақыл айтып, қандықты басқаруға өз үлестерін қосқан. Ал, соңғы кейіпкеріміз Жанмұхаммет би Бағаналы немесе Балталы Найман болуы әбден мүмкін. Бірақ, біз бүгінгі күні Найманды өр-найман және ой-найман деп бөліп қарағанымызбен, орта ғасырлары Найман тайпасы бір болғанына күмән жоқ.

Шыңғыс қаһанның кезінде жан-жаққа Евразияның түпкір-түпкіріндегі елдерді басқару үшін шашылып кеткенімен, наймандар, қазақтың басқа да тайпаларындай, өз ата-тегін ұмытқан емес. Ол кезде наймандардың жасақтары Сартауылда, Сайын қанның Алтын ордасында, Шейбанның Қырымында, Құлағудың Бағыдаты мен Тебірізінде орнығып, сол жерлерде билік басында «Жасақ» бойынша мемлекеттік басқару жүйесін еңгізді. Дегенмен, наймандардың басын көпшілігі өзінің атамекені Алтай-Тарбағатайда, ал Бағаналы-Балталылар Ұлытау мен Сырдария ортасында көшіп-қонып жүрді.

Әкесінің сөзіне сүйене отырып, Мұхамметжан Тынышбаев өзінің 16-шы атасы Төлегетай бабамызды еске алады. Оның айтуы бойынша, Төлегетай өте танымалы және ру басқарған кісі болған екен. Тынышбаев бабамыздың өмір сүрген уақыты мен жатқан жеріне дейін нақтылап ақпарат береді.

Төлегетай Сырдарияның сол жақ жағалауында орналасқан төменгі Өзкент қаласының жанындағы отбасылық қорымда жерленген. Бұл ақпаратты сол кездегі Шымкент уезіндегі Шаян қалашығының тұрғыны Мәди Мағзұм растаған. Оған қоса ол кісі Төлегетай беделі жоғары қажының қызын алғанын және бабамыз бен Жалантөс батырдың жас аралығы 50 жыл шамасында болғанын айтқан.

Демек, Жалантөс Самарқандта 1619 жылы медресе салғанын және 1643 жылы Жәңгір сұлтанмен Орбұлақ шайқасында жоңғарларды жеңгенін ескерсек, Төлегетай XVI ғасырдың аяғында өмір сүрген болып шыға келеді. Бұл пікірді Төлегетайдың немересі Ерторы Есім қанның замандасы болғаны тағы дәлелдеп тұр. Сондықтан, бүгін Төлегетай бабамыздың өмір сүрген уақыты бойынша орын алып отырған пікір-таластарды осы бір мәлімеге келтіру қажет.

Сонымен қатар, кейбір шежірешілердің Бағаналы мен Балталыны Төлекатайдан таратуы қисынға келмейді. Екіншіден, Төлекатайдың жатқан жері Сыр бойы болса, оның жайлаулары Ұлытауда болғаны заңдылық. Осы бір байланысты болашақ зерттеулерде ескерген жөн.

Найман, оның ішінде Бағаналы елінің жылнамасы тарихи тұлғалардың есіміне толы. Кербалақ атты Ер Шоштан, Барлыбай қан, Төлек батыр, Ер Сандыбай, Үәйіс Байжанұлы, бабамыз Бабыр Бөкенбайұлы, Ерден Сандыбайұлы. Бұл кісілер туралы соңғы Тәуелсіздік жылдары көптеген мақалалар мен кітаптар жазылды.

Жоғарыда келтірілген бабаларымыздың есімдері мен олардың қатысқан тарихи оқиғалар туралы деректер наймандардың Сыр бойы мен Мауераннахрда ірі саяси роль атқарғанын көрсетеді. Біріншіден, бұл жәйтті наймандардың көпшілігімен, ал екіншіден, XVI ғасырда орын алған Ұлы шөл мен Кіші мұз кезеңі әкелген саяси шиеленістің нәтижесінде әртүрлі өңірлердегі билікке араласқаны деп түсінген жөн.

ХІІІ ғасырда Ұлытауда орын тепкен Бағаналы-Балталы елі тарихтың кейбір сынақ кезеңдерінде орын алған оқиғалар болмаса, бүгінгі күнге дейін жайлаған, Жошы қанның кезінде ойып алған жерінде өмір сүрді.

Қазақ қандығының құрылуына себеп болған оқиғалардың бірі 1457 жылы өткен шайқас еді. Сол жылдан бастап 1755 жылға дейін қазақтардың басты сыртқы саясаты сол ойраттар құрған Жоңғар 21 21 Жоңғар (зүүнғар – сол қанат) – Шыңғыс қаһанның әскерінің сол қанаты. мемлекетіне қарсы жүргізген Отан соғысымен байланысты.

XVII ғасырдың ортасында жоңғарларға қарсы өнегелі соғыс жүргізген қандардың бірі Есім қан еді. Оның кезінде елдің бірлігін сақтап, әскери күшті нығайтудың орнына, бүлік шығарып ордаға ойран салғандар да болды. Тарихи деректер бойынша бұндай күш Қатаған руын бастаған Тұрсын қанның тарапынан орын алды. Есім қан Тұрсынға қарсы барып, Ташкентті алғанда, қол бастаған батырларына Тұрсын қанның 40 қызын сыйлаған. Соның ішіндегі «найманның бір батырына Есім қан Жанбике есімді Қатаған бегінің сұлуын сыйлапты». 22 22 Еңсебаев Т. А. Қанжығалы шежіресі. – Павлодар: ЭКО, 2004. 40-бет.

XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың бас кезеңінде ел басқарған Тәуке қан, мемлекеттің әлсіз жері сұлтандардың ауыз-біршілігі жоқтығында екенін түсініп, сол бытыраңқылықты өз мақсатында жоңғарлар тиімді пайдаланатынын ескеріп, қандықты үш жүзге бөліп, әр жүзден бір бас биден сайлатып, «Жеті жарғы» заңнамасын әзірлетті. Ендігі уақыттан бастап сол заңнамада айтылған баптарға бүкіл ел бағынатын болды.

Бұл саясат елді біріктіріп, жауға төтеп беруге мол мүмкіндік берді. 1710 жылы Ұлытаудың оңтүстік баурайында өткен Қарақұм құрылтайында қазақ жерін қорғауға бағытталған маңызды шешім қабылданып, жоңғарларға бірнеше шабуылдар жасалып, қазақ батырлары мен олардың жасақтары елге дүркін жеңістермен оралды.

1715 жылы Тәуке қан қайтыс болғаннан кейін Қазақ қандығында қайтадан бытыраңқылық кезең басталып, сұлтандар бір-бірімен қақтығысып, ел жік-жікке бөлінді. Мұндай жағдай жоңғарлар үшін көптен күткен сәт болды. 1723 жылы Түркстанды алған қалмақ әскері Кіші жүздің батысы мен солтүстігін, Орта жүздің шығысы мен солтүстігін және күллі Ұлы жүзді өз бақылауына алды. Олардың қарауылдары Терісаққанға дейін орнатылды.

Қазақ елі Қаратаудан асып, Қызылқұмға қарай көшті. Мал жайылымынан түгел айырылды. Сол кезде, сұлтандардың дәрменсіздігіне көз жеткізген батырлар әскери билікті өз қолдарына алды. Қанжығалы Бөкенбай мен Қаракерей Қабанбай (Ерасыл) төрелерге шарт қойды. Оның мағынасы: араларынан бір әскери қолбасшы сайлап, соған ғана бағынатындарын талап ету еді. 1726 жылы Ордабасыда қазақ жасағын Кіші жүздің қаны Әбілқайыр басқарады деген шешім қабылданды.

Қазақтың басы бірікті. Шешуші шайқас алаңы ретінде Білеуті өзенінің жағасында жатқан Бұланды жазығы таңдалып алынды. Ордабасыдан Бұландыға барар жолы қазақ руларының қолбасшылары Таңбалы Нұрада орналасқан көне тас тақтаға өздерінің таңбаларын қашап салды. Ертеңгі шайқаста жойылып кетсек, болашақ адамзат тарихында осындай ел болған деген мағынада ескерткіш болсын деген ниет еді.

Бұланды шайқасы 1726—1728 жылдары бірнеше қақтығыстан өрбіді: Теңіз, Қарасире және Қалмаққырылған шайқастары. Шайқасқа және жалпы Отан соғысына қатысқан әр қазақ ерлік көрсеткені сөзсіз. Бүгін қай қазақтың шежіресін ашсаңыз, ішінде жоңғарға қарсы соғыста ерлік көрсеткен талай батырлардың даңқы есімдеріне тап боласыз.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Мұхтар Бақытұлы читать все книги автора по порядку

Мұхтар Бақытұлы - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Мақалалар жинағы отзывы


Отзывы читателей о книге Мақалалар жинағы, автор: Мұхтар Бақытұлы. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x