Мұхтар Бақытұлы - Мақалалар жинағы

Тут можно читать онлайн Мұхтар Бақытұлы - Мақалалар жинағы - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: История. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.
  • Название:
    Мақалалар жинағы
  • Автор:
  • Жанр:
  • Издательство:
    неизвестно
  • Год:
    неизвестен
  • ISBN:
    9785005104557
  • Рейтинг:
    4/5. Голосов: 11
  • Избранное:
    Добавить в избранное
  • Отзывы:
  • Ваша оценка:
    • 80
    • 1
    • 2
    • 3
    • 4
    • 5

Мұхтар Бақытұлы - Мақалалар жинағы краткое содержание

Мақалалар жинағы - описание и краткое содержание, автор Мұхтар Бақытұлы, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Кітапта автордың әр-түрлі тақырыпта өлкетанушылық бағытта жарыққа шығарған мақалалары жинақталған. Кітап Ұлытау өлкесінің тарихын білгісі келген оқырманға арналады.

Мақалалар жинағы - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Мақалалар жинағы - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Мұхтар Бақытұлы
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Енді қайта тарихнамаға оралсақ, ХV ғасырда жазылған «Шаджарат ал-атрақ» (Түрк шежіресі) атты еңбекте ордаға жақын уәзірлердің бірі Ұлық Жыршының Шыңғыс қаһанға Жошының өлімі туралы қара хабарды жеткізгені туралы айтылады. Ұлық Жыршы мен Кетбұқа бір адам екенін кейбір зерттеушілер шегелеп айтады. Олай болса, қара хабарды жеткізген Кетбұқа екені айдан анық.

Ел аузындағы аңыздар бойынша Жошы қан құлан аулап жүріп, мерт болғанда, осынау қаралы хабарды Шыңғыс қаһанға естіртуге ешкімнің батылы бармаса керек. Сонда Кетбұқа жырау: «Қаһан ием, қайнар көзі лайланған теңізді кім тазартар? Түп-тамырымен қопарылған ағашты орнына кім қондырар?» – деген сауалдар қою арқылы әміршіні қаралы хабарға іштей дайындап алып, оның ұлы Жошының өлімін «Ақсақ құлан – Жошы қан» күйін орындау арқылы жеткізген дейді аңыз.

Күй тартылып біткен соң, қаһарына мінген қаһан Кетбұқа жырауды жазалауға шешім қабылдайды. Алайда қайғылы хабарды домбыра жеткізгендіктен, сол домбыраға ыстық қорғасын құюды бұйырады. Осылайша домбыраның беткі жағында кішкентай саңылау пайда болыпты -мыс. Бұдан домбыра іске аспай қалған жоқ, керісінше, оның үні күшейе жаңғырып, көркейе түсті.

Кетбұқаның «Ақсақ құлан – Жошы қан» күйі мен оның орындалуы алдында оқылған өлең жолдары бізге жетті. Оны естіген Шыңғыс қаһан көне түрк тілінде жыр айтады:

Құлын алған құландай құлынымнан айырылдым

Айрылышқан аққудай ер ұлымнан айырылдым.

Бұл сөздер айтылғаннан соң ордадағы бүкіл әмірлер мен нояндар көңіл айтып, даустап жоқтау айта бастапты.

Осы тарихи көзінен тағы бір жаңалықты байқауға болады. Бұл жерде Ұлық Жыршы Шыңғыс Ордасының, яғни Қарақорымның уәзірі болып көрсетіледі. Соған қарағанда бұл Жыршы Жошы Ұлысында болып жатқан жағдайларды қадағалап Шыңғыс қаһанға жеткізу істері бойынша жауапты уәзір болуы тиіс. Жошының көзі тірісінде Қарақорымнан алшақтап, егемендікке бой алу шараларына қатысты Кетінің көз қарасы қалай болғаны да зерттеуді талап етеді.

Кетбұқаның ерекше қадірленген әскери абыройы Европаға жасалған жорықта тагы бір асқақтады. Әскери жасақтарды Ұлытауда дайындау іс шараларынан бастап Орыс, Бұлғар, Шеркес жерлерін жаулап Андриатика теңізіне жеткенге дейін Кеті қатысқаны туралы біз ешқандай дерек кездестірмейміз.

Кетбұқаның Құлағу мен бірге Батыс Азияға аттаңған жорығы туралы Рашит ад-Дин әр күніне дейін суреттеп жеткізген. Л. Н. Гумилевтың «Черная легенда» атты еңбегінде былай деп жазылған: «Жасақ жүретін жолдардағы мал жайылымдарын таптатпау үшін бұл жерлердегі көшпелі елдерге басқа қоныстар берілді. Өткел бермес өзендерге қалқыма көпірлер салынды. Ұзақ жолда бұзылмайтын азық-түлік дайндалып, Қытайдан қамал бұзатын қарулар жасайтын көптеген мамандар алдырылды. Асықпай қозғалған жасақ 1256 жылдың қантар айында ғана Әмударияның сол жағасына өтті. Әйтсе де, олар 1256 жылдың соңына қарай исмаилиттердің Ирандағы барлық қамалдарын жойып, 1257 жылдың ақпанында Бағдатты алды».

Ортағасырлық деректер бойынша Құлағудың әскері күллі мыңғол әскерінің 1/5 құрады. Таяу Шығысқа ұйымдастырылған жорықтар кезінде Құлағудың шешімдер қабылдауына бәйбішесі Тоғыз-қатын ықпал еткені белгілі. Ол Керей елінің қызы және Кетбұқадай несториандық дінін берік ұстанған еді. Сондықтан, қандай сұрақтар болмасын, Кетбұқа өзінің жоспарларын Тоғыз-қатын арқылы Құлағуға орындатып отырды. Мысалы, Бағдатты алған кезде, көпке дейін берілмеген жергілікті тұрғындар Шыңғыс қаһанның «Жасағына» сәйкес түгел өлім жазасына кесілгенде, арасындағы христиандарды Кетбұқа мен Тоғыз-қатынның өтінішімен Құлағу кешіріп, аман қалдырады.

Бір жерде жалпы әскер саны жеті түмен болды десе, басқа жерлерде 12 мың болғаны жазылады. Түменбасылардың қатарында Құлағудың өзі, Орда Еженнің баласы Құли қан, 17 17 Құли қан – Орда Еженнің баласы, Ұлытау өңірінің тарихына тікелей қатысы бар тұлға. Құлидің бәйбішесі Белең-қатын, қанның өлімінен кейін, қазіргі Сарысу өзенінің аяқ жағына орналасқан қалаға ие болып, Белең ана аталған. Құлидің ұлы Тума қанның әйелі, татардың Сақал ноянның қызы Болған-қатын Қаражардағы сауда орталығына ие болып, сол жерде жерленген. Оның кесенесі әлі күнге дейін сақталып, археологиялық құндылыққа айналды. Шейбанның баласы Балқа, Жошының немересі Тұтар, Шыңғыс қаһанның немерелері Тоқтар, Бура қан, Қатаған. Сол әскерлердің құрамына, дәлірек айтқанда Құли қанның түменіне, Кетбұқа ғо уаңның Балталы-Бағаналы жасағы да еңді.

Алеппо мен Дамаскіні алуға Құлағу қан өзінің барлық әскерінің әр ондығынан екі адамнан іріктеп алып, бөлек қарулы күш жасақтап, Кетбұқаға бұйырды. Алеппоны алып, Кетбұқа күллі тұрғындардың көбін өлім жазасына кесіп, қалған еңбекке жарамды, қолдарынан іс келетіндерді елге құлдыққа айдады. Алеппода болған жағдайды естіген Дамаск тұрғындары Кетбұқаның ізімен келе жатқан Құлағуға өздері беріліп, қаланың кілтін салтанатты түрде тапсырып, аман қалады. Одан кейін, Кетбұқаны Дамаскінің әмірі етіп, Құлағу Иерусәлімді алып, христиандардың қуанышына орай, мұсылмандардан «азат» ете алмай жүрген «Құдайдың» (Иса пайғамбардың) табытын босатып береді. 18 18 Инок Магакия. История народа стрелков (монголов). 1871.

1259 жылы Мөнке қайтыс болғанын естіген Құлагу Карақорымға аттанады, ал Кетбұқа өзінің әскерімен Сирияда қалады. Келесі 1260 жылдың 3-қырқұйегінде Кеті Мәмлүк елінің қолбасшысы Құтіздің қолына түсіп қаза болады. Оның өлімі туралы тарихшылар көп мәлімет қалдырған. Бір мәліметтер бойынша Кетбұқа шайқас кезінде қаза болса, басқа деректер ғо уаң Құтіздің қолынан қаза болғанын келтіреді.

Кетбұқа ғо уаңның өлімімен бірге Шыңғыс империясында ыдырау процесі басталды. Өйткені, ол Ұлы әміршінің сенімді 95 нояндарының ішіндегі мемлекетті қалыптастыру және тұтастығын сақтау үшін тер төккендердің соңғысы еді. Сөйтіп, 1269 жылы Талас құрылтайы ұйымдастырылып, ұлыстар өз егемендіктерін жария етуге келіседі. Шыңғыс қаһанның империясы бытыраңқылық кезеңіне қадам жасайды.

Жоғарыда тәмамдаған оқиғалардан кейін Бағаналы-Балталы руының тағдыры бастапқы кезде Құлағудың Беркеге қарсы жүргізген соғысы аясында өрбігенге ұқсайды. Одан кейін, тек XV ғасырда ғана Сырдарияның төменгі ағысында өмір сүрген наймандар туралы мәліметтерді сол замандағы дереккөздерден табуға болады. Мысалы, Өтеміс қажының «Шыңғыс-нама» кітабында Жошы ұлысының ордасындағы беделі жоғары, билікке зор ықпалды Құтлық-бұқа туралы жазылады. Сол мәліметтің өзі наймандардың ордадағы саясатқа тікелей араласып, маңызды шешімдер қабылдауға себепкер болғандарын көрсетеді. Сонымен қатар, олардың тіпті қандарды таққа отырғызғандарын да байқауға болады.

Әртүрлі саяси өзгерістер мен мемлекеттік аусымдарына қарамастан Бағаналы-Балталы елі өзінің ХІІІ ғасырда Ұлытау мен Сырдарияны ойып алып орныққан жұртынан айныған емес. Оны біз тек Шыңғыс қаһанның аманат етіп кеткен «Жасағын» сақтау міндетін атқару деп түсіндіре аламыз. Жошы қан іргесін қалаған мемлекеттілік кең далаға тарап, орданың жұмысын, қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырды. Ол міндет Қазақ қандығының іргесі қаланған кезде де дәстүр болып жалғасты. Сол дәстүрлі міндетімен Бағаналы-Балтылы елі Қазақ қандығының құрамындағы тайпалардың бірі болып өз орнын тапты.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Мұхтар Бақытұлы читать все книги автора по порядку

Мұхтар Бақытұлы - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Мақалалар жинағы отзывы


Отзывы читателей о книге Мақалалар жинағы, автор: Мұхтар Бақытұлы. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x