Мұхтар Бақытұлы - Мақалалар жинағы

Тут можно читать онлайн Мұхтар Бақытұлы - Мақалалар жинағы - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: История. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.
  • Название:
    Мақалалар жинағы
  • Автор:
  • Жанр:
  • Издательство:
    неизвестно
  • Год:
    неизвестен
  • ISBN:
    9785005104557
  • Рейтинг:
    4/5. Голосов: 11
  • Избранное:
    Добавить в избранное
  • Отзывы:
  • Ваша оценка:
    • 80
    • 1
    • 2
    • 3
    • 4
    • 5

Мұхтар Бақытұлы - Мақалалар жинағы краткое содержание

Мақалалар жинағы - описание и краткое содержание, автор Мұхтар Бақытұлы, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Кітапта автордың әр-түрлі тақырыпта өлкетанушылық бағытта жарыққа шығарған мақалалары жинақталған. Кітап Ұлытау өлкесінің тарихын білгісі келген оқырманға арналады.

Мақалалар жинағы - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Мақалалар жинағы - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Мұхтар Бақытұлы
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Сондай деректер ғылыми жылнамаларда да сақталған. Мысалы, Шоқан Уәлихановтың бестомдық шығармалар жинағының бірінші томында Балталы Оразымбет батыр мен Бағаналы Баянбай батыр туралы жазылады. Бір күні екі батыр сегіз үйден тұрған жоңғарлардың ауылына шабуыл жасаған екен. Баянбай батыр екі үйдегі жоңғарларды өлтіргенше, Оразымбет қалған алты үйдегі жоңғарларды талқандап үлгерген. Міне, осындай әр қазақ батырының ерлігі елді жаудан аластауға жол ашып берді.

Жоңғарға қарсы Отан соғысы туралы жазатын болсақ, әрине, бұл тақырып бөлек кітап жазуды талап етеді. Ақсақалдарға жеткен аңыз бойынша Бұланды шайқасына ағайынды Аманғұл мен Жылкелді бабаларымыз да қатысқан. Тіпті кейбір әңгімелер бойынша екеуі де сол шайқас алаңында ерлікпен шейіт болған деп те айтады. Бірақ, біздер, яғни тарихшылар үшін дереккөзді дәлелі жоқ аңыз тек аңыз болып қала береді. Жылкелді бабамыз жоңғарларға қарсы Отан соғысына қатысқаны айдан анық. Бірақ, Бұланды шайқасында шеіт болғаны, немесе ауылға Аңырақай шайқасынан кейін аман оралғаны туралы ешқандай дерек жоқ.

Бабамыздың туған жылын санап көрсек, оны Жәнібек (Шақшақ) Қошқарұлының туған жылымен шығаруға болады. Ұлытау аймағының өлкетанушысы, қарсақбайлық Тоңболат Мұқанұлының айтуы бойынша, Сағындық батыр Ибескі бабамызға қырғыздың қызын алып берген екен. Сол қыздан, яғни Ибескінің тоқалынан Аманғұл, Жылкелді және Көбес туады. Сағындық батыр Жәнібек тарханнан 15—16 жас үлкен болса, туған жылы 1678—1680 жылдар шамасы болады, өйткені Жәнібек 1693 жылы туған деп жазылады. Сонда, егер де, қырғыздың қызын алып берген кезде Сағындық батырдың жасы жиырманың аржақ-бержағы болса, Жылкелді бабамыз шамамен 1700 жылы, немесе одан да кейінірек туған болып шығады.

Бабамыздың туған жері мен өмір сүрген өңірі Ұлытау мен Сыр бойының ортасындағы кең дала екені ешқандай дау туғызбайды. Жоғарыда ширатып келген тарихи ақпараттарға сүйене отырып, Жылкелдінің замандас бағаналылар осы өңірде көшіп-қонып жүргені тарихи шыңдыққа келеді. Егер де бабамыз XVІІІ ғасырдың басында туған болса, артынан қалған ұрпағы бес ұл баладан тарағанын білеміз. Демек, бәйбішесінен Есер, Жақал, Шуа, Доң Шоң, ал екінші әйелінен Бектемір туады. Өкінішке орай біз бабамызда қанша қыз бала болғанын білмейміз. Сондықтан, ешқандай жазбаша мәлімет қолда болмай, бабамызды Бұланды немесе Аңырақай шайқасында шейіт болды деуге еш негіз жоқ. Алайда бабамыздың жоңғарға қарсы Отан соғысында ерлік көрсетіп, қазақ жасағының қатарында жүргенін теріске шығаратын да ешқандай себеп жоқ.

Жылкелді бабамыздың шежіресіне тоқталар болсақ, соңғы 30 жыл ішінде едәуір зерттеулер, көне аңыздарды естіген ақсақалдардан қалған естелік-әңгімелер аясында Жылкелді руының шежіресі екі мәрте жазылған: 1990-жылдардың басында және 2002 жылы бабамызға арнап ас беру кезінде.

Шежіре тарқатқанда әр зерттеушінің даусыз мойындайтын ақиқат ретінде күллі киіз туырлы елдердің туыстығы, бір тіл, ортақ ауыл шаруашылық және дала өмірде қалыптасқан салт-дәстүрмен жақындасуы болып табылады.

Биологиялық тұрғыдан андронов мәдениеті кезінде өмір сүрген индоевропалықтардың антропологиялық келбеті заман ауысқан сайын монголоидтық биологиялық кейіпіне ұласа берді. Сонда да, Ұлы даланы жайлаған номадтар құда-жекжаттық қарама-қатынас арқылы бір биологиялық туыстықта дамығаны зерттеушілерге ешқандай күмән келтірмейді.

Шежіре тек патриархалды тұрғыдан тайпа мен руларды бір әскери сапқа реттеу үшін бір-бірінен ажыратылады. Сондықтан, қазақтың ру-тайпаларының туыстығы мен биологиялық бірлігінде тарихымыздың терең тамыры бар екендігін басқа да елдердің өкілдері атап кеткен. Мысалы, 1929 жылы Н. А. Лосутов қазақ тайпаларының біртіндеп бірігіп, үлкен одақ құрғанына 500—600 жыл емес, одан да әрірек жүріп, кем дегенде 1000 жыл уақыт алғанын жазады. Тіпті кейбір қазақ тайпалары біздің дәуірімізге дейін қалыптасып болған. Сонымен қатар, кейбір тайпа атаулары сақталған болса (Үйсін, Қанлы, т.б.), басқалары біртіндеп ұмытылып бөлек руға айналып, ол рудың этнонимы сол руды басқарған, халық санын еселейтуге көп үлес қосқан кісінің есімімен аталатын болған.

Жылкелді бабамыз шыққан тегі Бағаналы екендігіне ешқандай дау жоқ. Ал, Бағаналының шежіресі айналасында көптеген қарама-қайшылық пікірлер қалыптасқан. Әрине, ондай жағдайды біз тек бір ғана себеппен түсіндіре аламыз. Зерттеушілер, әсіресе орыстар, даланы аралап, ақсақалдармен сұхбаттасқанда, оларға тура және нақты мәлімет берді деп кесіп айту қиын. Өйткені ауызша әдебиет пен шежіре жағдайында тарихи тұлғалардың көбісі ұмытылып, сұрақ қоюшыға толық емес мәліметтер берілген. Сондықтан, әр ру-тайпаның шежіресі әр зерттеушімен әртүрлі болып қағазға түсірілген. Соның бірнешеуін келтіре отырайық.

«Найман» этнонимын кейбір шежірешілер XIV ғасырмен үлестіріп, Найман деген кісіні Орыс қанның замандасы қылып қоятындар да бар. Әрине, бұндай көзқарастар тарихты мойындамауға итермелейді. Ал, Бағаналының шыққан себебін біз Жошы ордасымен үлестіріп, өз пікірімізді жоғарыда келтірген едік.

Енді зерттеушілердің Бағаналы шежіресі туралы пікірлеріне назар аударсақ, жазушы Қойшығара Салғарин өзінің «Қазақтың қилы тарихы» атты романында Найманның шежіресі бойынша былай деп жазады: «Кей атаулар жөнінде ел арасына тараған ауыз-әңгімелер бар болғанымен, дәл осы Найман жөнінде ондай ештеме кездеспейді. Шежіреде Найман Орта жүздің түп аталығы – Жанарыстың алты баласының бірі – Аққожадан туған баланың аты. Одан Кетбұға, Сарыжомарт, Төлегетай. Осының кейін ұрпағы таңбасын жылқының теріс жағына салғандықтан Терістаңбалы атанып кеткен. Кетбұғасынан Мәмбет пен Рысқұл; Сарыжомарттан – Бағаналы, Балталы, Көкжарлы, Бура деген балалар тарайды. Халық Сарыжомарттың балаларын Ергенекті-найман деп те атайды. Төлегетайдан Қаракерей, Матай, Садыр. Осы Матайынан туған Қаптағай есімі бүкіл Найманның ұранына айналады. Бір қызығы, жекелеп алғанда, Төлегетай балаларының өз ұраны бар. Мысалы, Қаракерейдің ұраны – Қабанбай, Матайдікі – Бөрібай, Садырдікі – Алдияр. Ел ұранына айналған бұл үш есім де XVIII ғасырда өмір сүрген нақты тарихи тұлғалар». 23 23 Салғарұлы Қ. Қазақтың қилы тарихы: Роман-эссе. Алматы, 1992. 253-бет. Бұл жерде де біз Найманды тарихи тұлға ретінде көріп отырмыз. С. Аманжолов пен Т. Бектасов атты шежірешілер Бағаналыны Өкіреш (Белгібай) Найманнан таратады.

Конец ознакомительного фрагмента.

Текст предоставлен ООО «ЛитРес».

Прочитайте эту книгу целиком, купив полную легальную версию на ЛитРес.

Безопасно оплатить книгу можно банковской картой Visa, MasterCard, Maestro, со счета мобильного телефона, с платежного терминала, в салоне МТС или Связной, через PayPal, WebMoney, Яндекс.Деньги, QIWI Кошелек, бонусными картами или другим удобным Вам способом.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Мұхтар Бақытұлы читать все книги автора по порядку

Мұхтар Бақытұлы - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Мақалалар жинағы отзывы


Отзывы читателей о книге Мақалалар жинағы, автор: Мұхтар Бақытұлы. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x