Мұхтар Бақытұлы - Мақалалар жинағы

Тут можно читать онлайн Мұхтар Бақытұлы - Мақалалар жинағы - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: История. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.
  • Название:
    Мақалалар жинағы
  • Автор:
  • Жанр:
  • Издательство:
    неизвестно
  • Год:
    неизвестен
  • ISBN:
    9785005104557
  • Рейтинг:
    4/5. Голосов: 11
  • Избранное:
    Добавить в избранное
  • Отзывы:
  • Ваша оценка:
    • 80
    • 1
    • 2
    • 3
    • 4
    • 5

Мұхтар Бақытұлы - Мақалалар жинағы краткое содержание

Мақалалар жинағы - описание и краткое содержание, автор Мұхтар Бақытұлы, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Кітапта автордың әр-түрлі тақырыпта өлкетанушылық бағытта жарыққа шығарған мақалалары жинақталған. Кітап Ұлытау өлкесінің тарихын білгісі келген оқырманға арналады.

Мақалалар жинағы - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Мақалалар жинағы - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Мұхтар Бақытұлы
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Бірақ, қай міндеттемелерді атқарса да, өр-найманнан дербес ой-найман болып ХІІІ ғасырдан бастап орданың қызметін атқарса да, Бағаналы-Балталы елі өзінің тегі, ірі қазақ тайпасы Найманнан тарайтынын ешқашанда ұмытқан емес. Оған дәлел ретінде сол ғасырда жазылған деректер куә.

Наймандардың 1428 жылы Әбілқайыр қанды ақ киізге көтеріп, таққа отырғызуға қатысқаны туралы ортағасырлық жылнамашы Кухистани жазады. Ұлық Ұлыс әмір Темірдің шапқыншылығының кесірінен құлдырап, бытыраңқы кезеңіне тап болғалы, елде өткен заманның өркендеуіне, қойдың үстіне торғай жұмыртқалаған заманды қайта оралтуына әрекеттер жасап, төрелердің арасынан соған лайықты қан табыла ма деген сұраққа жауып ізделінді. Шыңғыс қаһан ұрпақтарының арасынан сол кезде тек 16-жасар шейбандық Әбілқайыр шықты.

Кухистани «Тарихи Абулхаирхани» атты еңбегінде қан сайлауға Шайқ-сопы Найман, Ақ-сопы Найман, Қара Оспан Найман, Сары оспан Найман, Жүсіп-қожа Өкіреш-Найман, Әбубәкір Өкіреш-Найман, Түнқашық Төле-қожа Найман, Омар Найман және Төлен-қожа Найман қатысқандарын жазады. Ел шежіресінде белгілі «Тоғыз таңбалы» Найман деген ұғым осы саяси оқиғадан кейін пайда болғанға ұқсайды.

Кухистанидің атап кеткен қан сайлауын сараптай отырып, кейбір зерттеушілер наймандарды Шейбанның үлесіне апарып кіргізеді. Ия, наймандар қай ордада болсын өздерін беделді және билікке жақын болғанын біз жоққа шығара алмаймыз. Бірақ біздің қояр сұрағымыз – Жошымен келген Кетбұқа мен оның мыңдығы Жошы қайтыс болғаннан кейін Орда Еженнің бе, әлде Шейбанның үлесіне еңді ме? Осы жерде дискуссия туындайды.

Бұл сұраққа жауапты жалпы ортағасырлық дереккөздерінде, оның ішінде Әбілғазыдан таба аламыз. Бір ғана кесіп айталатын пікіріміз – ол Шейбанның ордасы Ұлытауда емес Торғай алқабы мен Сібір аумағында болғаны. Тіпті, Батыс жорығынан кейін Шейбанға Қырым мен Қара теңіздің солтүстік жағалауындағы дала беріліп, Шығыс Дашты Қыпшақтағы жерлері Орда Еженнің үлесіне қосылғаны мәлім. 1240-жылдары Орда Ежен Сығанақты қалпына келтіріп, 1251/1253 жылдары сол қалада қайтыс болғаны белгілі. Сол кезден бастап сығанақ қазақ тайпаларының елордасына айналады.

Сондықтан, наймандардың Әбілқайырды қан қылып ақ киізге көтеруге қатысқаны олардың Шейбанның үлесінде болғанымен түсіндіру қисынсыз деуге болады. Шыңғыс қаһанның «Жасағы» бойынша өмір сүрген ру-тайпаларға ең бірінші болып ел басқарушының әділеттілігі алға қойылады. Тек содан кейін ғана оның шыққан әулеті ескерілген.

Әбілқайыр ел басқару кезеңінің басында дәулетті басшы болып, оны қолдаған ру-тайпа басшылары мен көсемдеріне өз үлестерін еңшесіне бөліп беріп, ел арасында әділетті қан болып танылса, кейін, көңілді өз туыстары мен отбасына көбірек бөліп, олардың талаптарын елдің мүддесінен жоғары етті. Ондай әрекетін сыңға алған белсенді сұлтандарға қарсы қан саяси қуғын әрекеттерін қолдана бастады. Ол кездегі репрессиялық құрал ретінді руларға көшіп-қону үшін жер бөлудегі кемшіліктер қолданылған.

Сол жат қылықтарының кесірінен Керей және Жәнібек сұлтандар өздерінің ордаежендік тектілігін алға тартып, Әбілқайырдың шейбандығын сыңға алады. Және де оның Ұлытаудағы Жошы тағына құқығы жоқтығын саяси құрал ретінде пайдаланады. Соның арқасында көптеген тайпалар екі сұлтанды қолдай бастайды.

Өзін қолдамаған рубасылары мен сұлтандарға қарсы қатан әрекеттерді қолданып, Әбілқайыр жағдайды одан әрі ушықтырып жіберді. Шиеленіске тап болған мұндай «сәттілікті» ойраттардың тыңшылары дереу қонтайшыларына жеткізеді. Нәтижесінде, 1457 жылы ойраттың қонтайшысы Өз-Темір Сығанақтың түбінде Әбілқайырды тас-талқандап жеңеді.

Жеңілістің басты себебі – Әбілқайырды кезінде қолдаған тайпалардан, оның ішінде наймандар да бар, бірең сараңы ғана сол шайқасқа қатысуы. Тоғыз таңбалы Найманнан соғыс алаңына тек 30 жылдай қанға адал қызмет еткен Әбубәкір ғана өзінің жасақтарымен келген. Ал күллі Дашты Қыпшақтан тек 17 тайпаларының ғана өкілдері өз сарбаздарын алып келді.

Әбілқайыр жеңіліп, қонтайшымен өзінің саяси беделін кемсітіп қорлайтын келісім-шарт жасасуға мәжбүр болды. Ойраттар Сыр бойын тонап, көптеген мал-мүлікті, елдерді бодандыққа айдап әкетті. Және де Әбілқайыр жыл сайын ойраттарға салық төлеп отыруға уәде берді. Соның салдарынан кезіндегі ауқатты қандық екіге бөлініп, көптеген рулар Керей мен Жәнібектің қол астына қосылды.

Жағдайдың соңғы нүктесі болып Қара-қыпшақ Қобыландының Арғын Дайыр қожаны өлтіруі болды. Керей мен Жәнібек қыпшақ батырының басын талап етті. Әбілқайыр Дайыр қожаның құнын төлеп, мәмілеге келуді сұрады. Оған келіспеген сұлтандар өздерін қолдаушы ру-тайпаларды бір қол астына жинап, Шу алқабына көшіп, Моғолстан қаны Есен-бұқаның қолдауына ие болып, жаңа қандық құрды.

Қазақ қандығы кезеңін баяндайтын деректерде Бағаналы атауы аталмаса да, қандар сүйенген тайпалардың бірі болып Найман аталады. Әсіресе «жер жинаушы» Қасым қанның кезінде мемлекеттін нығаюына үлес қосқан Арғын, Қыпшақ, Қоңырат тайпаларымен қоса біріншілердің бірі болып Найман аталады. «Қасым қанның қасқа жолымен» Қазақ қандығының қалыптасуы аяқталып, Қазақ елі өз тарихында кең көлемдегі жерге ие болды. Халық саңы бір миллион адамға жетті.

Қасым қан күллі бүгінгі Қазақстан мен Орта Азия аймағын өзіне қаратып, бүгінгі шығыс Түркстан, Барнауыл, Омбы мен Түмен төңіректерін, Орынбор алқабы мен Еділдің арғы бетін иеленіп, ел астанасын Ташкенттен Сарайшыққа көшірді. Сәл болғанда, бытыраңқылық кезең басталмағанда, теріскейден Москва мемлекеті күшеймегенде, Қасым қан бастаған саяси іс Бату орнатқан Ұлық Ұлысын қайта қалпына келтірілер ме еді?! Сол мақсатты көздеп, ол ел астанасын Орал өзенінің бойындағы Сарайшық қаласына көшірді.

Осындай деңгейдегі Қасым қанның табыстарына өз терін төккен тайпалардың ішінде Найманның, оның ішінде Бағаналының да еңбегі зор. Сонымен, Бағаналы Найман Қазақ қандығының Орта жүзінде көпсанды тайпаларының біріне айналды.

Мұхаммет Салихтың «Шейбани-наме» атты еңбегінде наймандар Мұхаммет Шейбанидің әскерінің қатарында болып, Түркістанды жаулап алуға қатысқаны туралы жазылады. 1508 жылы сол Шейбани төрелігі жоқ Қобыз найманның еншісіне Мевр қаласы мен оның айналасын береді.

Мұхаметжан Тынышбаев наймандардың Обайдулла қанның Иранға қарсы ұйымдастырған жорыққа қатысқаны туралы жазады. 19 19 М. Тынышпаев. «Великие бедствия..» «Жалын», А-А. 1992. Сонымен қатар, 1530—1550 жылдары Мерв қаласын найман Жолым би басқарғанын айтады.

Әбілғазының жазуы бойынша, найман Құлмұхаммет би 1570—1580 жылдары Түркменстанды билеген шейбандық Санжар қанды қан сарайда ұстап, оның атынан билік жүргізіп, бұйрық беріп отырғанын көреміз. Дәл осы жылдары найман аталық Назар би Балқ қаласы мен оның айналасын басқарғаны туралы деректер де бар. 1580—1590 жылдары нұраталық көшпенділерді найман Аталық Ахмет әли басқарған.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Мұхтар Бақытұлы читать все книги автора по порядку

Мұхтар Бақытұлы - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Мақалалар жинағы отзывы


Отзывы читателей о книге Мақалалар жинағы, автор: Мұхтар Бақытұлы. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x